04:22 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
841 0 0

Оқиға 9 маусым күні кешкі 23:00 шамасында болған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Оралда жігіт "сүйіктісіне" қастандық жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзінің сүйіктісіне қастандық жасамақ болған күдіктіні полиция қызметкері қылмыс үстінде құрықтады. Оқиға 9 маусым күні кешкі 23:00 шамасында Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі астында орналасқан дүкенде болған. Полиция департаменті анықтау бөлімінің аға тергеушісі Алтынбек Темірланов жұмыстан үйіне қайтып бара жатып, тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннен жүгіріп шыққан ер адамды, оның артынан әйелдің айқайлап жатқанын көреді.

Алтынбек Темірланов дереу көмекке жүгіріп, қосымша күштерді шақырды. Ол ер адамды қуып жетіп, оны ұстамақ болғанда қылмыскер қарсылық көрсете бастады. Нәтижесінде полицейге "Сова" түнгі патрульдік тобы көмекке келіп, күдіктіні құрықтап үлгерді. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 9 маусым күні 1984 жылы туған О.есімді ер адам Мөңкеұлы көшесіндегі азық-түлік дүкеніндегі сатушыға шабуыл жасаған.

Дүкенге орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарау кезінде ер адам мен әйел арасында жанжалдың қалай туындағанын көруге болады.

"Оқиғаға сол дүкенде тағы бір сатушы мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған қызы куәгер. О.есімді ер адам екінші сатушыны итеріп жіберіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, оны пышақтап жіберген, содан кейін ол оқиға орнынан қашып шыққан кезде полиция департаментінің қызметкері құрықтап үлгерді" – деп атап өтті полицияда.

Жәбірленуші облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған адам мен жәбірленуші үш жылдай тығыз қарым-қатынаста болған. Ер адам Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол Оралға бірнеше күнге сүйіктісімен кездесуге келген. 9 маусым күні сағат 23:00 шамасында ол жәбірленушінің жұмыс орнына келіп, қызғаныштан өзі алып келген пышақпен жарақаттаған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам әріптесін пышақтап өлтірді

"Қылмыс кезінде О.есімді ер адам алкогольдік мас күйінде болған. Бұрын сотталмағаны және еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Толығырақ ақпарат сотқа дейінгі тергеудің соңында жарияланады", – деді полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Кілт сөздер:
ер адам, пышақ
Загрузка...

Басты тақырып