00:01 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3528 0 0

Жұмысшылар арасында төбелес шығып, соңы бір адамның өлімімен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым - Sputnik. Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде мас құрылысшы әріптесіне бірнеше рет пышақ сұғып алды. Салдарынан ер адам қайтыс болды, деп хабарлады Алматы полициясы.

Оқиға 2021 жылдың 5 маусымында сағат 20.20 шамасында болған.

Оқи отырыңыз: Бір ай бойы отбасыны ешкім іздемеген: көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Белгілі болғандай, олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Ер адам алған жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болды.

"Медеу ауданының полиция бөліміне Құлжа трактісіндегі тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде жалдамалы жұмысшылар арасындағы төбелестің салдарынан ер адам есінен танып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментіндегілер.

Полиция 37 жастағы ер адамды ұстады, оның жеке басы анықталуда.

Кілт сөздер:
Алматы, қайтыс болды, пышақтау
Загрузка...

Басты тақырып