Оқиға

"Көзіме шөп салды": Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, досын көмекке шақырған

© pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талдықорған тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастап, мәйітін ауласына жасырған  

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі мен тағы бір адам ұсталған.

Күдікті барлық айғақ зат пен мүрденің қайда жатқанын көрсетті. Қанды оқиға Талдықорғандағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болыпты. Ерлі-зайыпты арасындағы ұрыс-керіс қып-қызыл жанжалға ұласып, көзіне қан толған отағасы әйеліне пышақ сұққан.

Тағы оқыңыз: Семей тұрғыны сүйіктісін телефонды көтермегені үшін пышақтап тастады

Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбек түгілі қылмысын жасыруға бел байлайды. Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырыпты. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге түсіріп, сонда жасырған, деп хабарлады КТК.

Трагедияға қызғаныш себеп болған.

"Айтпай кетіп қалатынды шығарды. Қашып жүрді. Көзіме шөп салды. Оны іздедім, қайда екенін айтпады", - дейді күдікті.

Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымовтың айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 99-бабы, 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды.

"Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді ол.

Жаңалықтар
0