Өңірлер

Павлодарда үйдің кіреберісінен жас жігіттің мәйіті табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНовый дом, архивное фото
Новый дом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Сол маңдағы тұрғындар подъезде қан-жоса болып жатқан адамды көріп, жедел жәрдем шақырған

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Павлодардағы көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті Pavlodarnes.kz сайты.

Оның денесінде пышақ жарақатының ізі болған.

Порталдың хабарлауынша, сол маңдағы тұрғындар подъезде қан-жоса болып жатқан адамды көріп, жедел жәрдем шақырған.

Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі Сәтпаев көшесіндегі үйден 2 қазан сағат 2:00 шамасында шақырту түскенін айтты.

"Үйдің кіреберісінен 2001 жылы туған ер адамның денесі пышақталған күйінде табылды. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді", - делінген дәрігерлер хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0