Өңірлер

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

© REUTERS / ARND WIEGMANNтоғай
тоғай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қазгидромет 23-25 қазандағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі.

Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана ауа температурасы төмендейді. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 23 қазанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +9°C жылыны көрсетеді. 24 қазанда күн бұлтты, түнде +7°C, күндіз +11°C жылы болады. 25 қазанда күн ашық, түнде +4°C, күндіз +12°C жылы.

Алматыда 23 қазанда күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +7°C болады. 24-25 қазанда күн ашық, түнде 0...+1°C, күндіз +8...+12°C жылы болады.

Шымкентте 22 қазанда күн құбылмалы, түнде 0°C, күндіз +13°C жылы. 24-25 қазанда күн ашық, түнде +3°C, күндіз +17...+19°C жылы болады.

Қараша айында ауа райы қандай болады

Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8...-13°С дейін, күндіз +3...+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.

"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17...-25°С дейін, күндіз -8...-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10...+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5...-17°C, күндіз -2...-7°C дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0