НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері қараша айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8-13°С дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.
Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.
"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17-25°С дейін, күндіз -8-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.
Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады, күндіз оң мәндерге дейін әлсірейді. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.
Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +10+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5-17°C, күндіз -2-7°C дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.
Оқи отырыңыз: