Өңірлер

Қалың қар туралы видео түсірген әжеге кешірім сұратқан әкімге қандай шара қолданылды

© SputnikПавлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Күркелі ауылындағы алғашқы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Кеңес мүшелері ауылдық округ әкімі этика нормаларын бұзды деген шешімге келді. Соның нәтижесінде халықтың сынына ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің этика жөніндегі кеңесі Құндыкөл ауылы әкімінің әрекетін қарады. Бұған дейін ол жауған қарды видеоға түсірген әженінің үйіне барып, кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Соның бәрін смартфонға жазып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеңес мүшелері ауылдық округ әкімі этика нормаларын бұзды деген шешімге келді. Соның нәтижесінде халықтың сынына ұшырады. Отырыста әкім де сөз сөйлеп, өз әрекетін түсіндірді.

Оның айтуынша, видеоны аудан әкіміне көрсету үшін түсірген. Әлеуметтік желіге салмапты.

"Мені оны тек ондай қар жоқ екенін айтуды сұрадым", - дейді ол.

Кеңес мүшелері дауыс беру арқылы шешім шығарып, ауыл әкіміне сөгіс жариялады.

Айта кетері, осы айдың басында Павлодар облысының пабликтерінің бірінде жауған қарды видеоға түсіргені үшін әкімдіктен кешірім сұраған Баянауыл ауданы тұрғынының видеосы тарады.

Әйел шенеунікке видеоны әлеуметтік желіде жарияламағанын, туыстарына ғана жібергенін айтып ақталды. Бірақ шенеунік түсініктеме беруді талап етті.

Әжеге кешірім сұрауға тура келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Желі қолданушылары әкімдік қызметкерінің әйелге не үшін кешірім сұратқанын түсінбейтінін жазған.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл келеңсіз жағдайға өзіне берілген тапсырманы дұрыс түсінбеген ауыл әкімі кінәлі екенін айтты.

Кәрімов ауданда қар тазалау жұмыстары жүріп жатқанын, тәулігіне бір жарым айлық норма түскенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0