НАТО-ның Steadfast Noon 2021 оқу-жаттығуының мақсаты не?

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
НАТО 18-25 қазан аралығында альянсқа мүше 14 елдің қатысуымен Оңтүстік Еуропа аумағында Steadfast Noon 2021 оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр

Бұл шараға бортында ядролық қаруды алып жүре алатын және қолдануға қабілетті ондаған жойғыш және бомбалаушы техника, сондай-ақ ұзақ қашықтыққа арналған радиолокациялық бақылау және қосымша жанармай тасымалдайтын ұшақтар тартылды.

Маневр әлемде қазір болып жатқан жағдайға еш байланысы жоқ деп хабарланды және ол "НАТО-ның ядролық тежеу құралдарының қауіпсіздігі, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге" мүмкіндік береді. Негізінен бұл АҚШ-тың В61-12 термоядролы қаруына қатысты болып отыр.

НАТО белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Әлем
НАТО Ауғанстаннан кейін күшін Азияға шоғырландыруды көздейді - Лавров
Алайда бейбіт еуропалықтардың ұшақ қанаты астындағы қауіпсіздігі екінші деңгейдегі мәселеге айналған секілді. Себебі Еуропада ядролық қақтығыс туындаса, бомбалау туралы шешім ЕО елдері референдумында емес, Вашингтонда қабылданатынына сенім көбірек.

Біраз бұрын АҚШ Әскери-әуе күштері полигондарында модернизацияланған тактикалық В61-12 ядролық бомбаларын жаңа F-35A және F-16C ескі жойғыш ұшақтарымен интеграциялау аяқталды.

Еуропада қос мақсатта қолданылатын жойғыш және бомбалаушы ұшақ көп және Бельгия, Германия, Италия, Нидерланды мен Түркиядағы америкалық базаларда оларға арналған жалпы қуаты 18 мегатонна болатын В61 типіндегі 200 ядролық бомба бар.

Бұл 1945 жылдың жазында АҚШ алғаш рет қуаты 20 килотонна болатын бомбаны Хиросимада қолданған 900 ядролық жарылысқа эквивалент бола алады. Сол жарылыстан Жапонияда 200 мың адамынан айырылды. Вашингтонның Еуропадағы одақтастары бір В61-12 – бұл екі Хиросима екенінен хабардар ма?

Модернизацияланған В61-12 бомбасы негізінен Еуропадағы ескірген америкалық ядролық оқ-дәріні алмастыруға арналған. Ол бағыттау жүйесі мен 50 килотоннаға дейін қуатты өзгертетін жауынгерлік бөлікпен жабдықталды. Ол жоспарды орындап, бомбаны лақтыру нүктесінен 30 километр қашықтыққа дейін нысанға жақын ұша алады.

Термоядролы В61-12 қауіпсіздікті емес, қауіпті қаруды дәл қолдануды және миллиондаған адамның ажал құшуын көздейді. Ал Ресейге бомба түссе, орыстар да қарап қалмайтыны анық. Сондықтан еуропалықтарға қалай болғанда да үлкен қауіп төніп тұр.

НАТО-ның Steadfast Noon оқу-жаттығулары Еуропада жыл сайын өтеді. Соғыс кезінде қолдану жоспарлары құпия болғанымен, ядролық соғыс сценарийін жасырын ұстау мүмкін емес. Мұндай манверлерге дәстүр бойынша америкалық авиациямен қатар неміс, голландиялық, бельгиялық және италиялық жойғыштар тартылып отыр.

флаг Франции - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Әлем
Франция НАТО-дан шығуы мүмкін бе
Ресми мәлімет бойынша Steadfast Noon 2021 оқу-жаттығулары Оңтүстік Еуропаның әуе кеңістігінде өтіп жатыр. Іс жүзінде америкалық термоядролы В61 бомбаларын алу және тасымалдау, ал шартты түрде оларды қолдану пысықталып жатыр. Жаттығу түріндегі ұшулар бомбасыз орындалып жатқанымен, Италияның солтүстігіндегі Геди авиабазасында және Германияның Бюхеле авиабазасында ядролық қару-жарақты қолдануға дайындап жатыр.

Маневрлер кезінде техногенді апат, найзағай соғуы, өрт, жихадшылар терактісі немесе басқа да қолайсыз жағдай болуы әбден мүмкін. НАТО-ның ішкі қайшылықтары осы секілді әскери шаралардың мінсіздігі мен қауіпсіздігіне күмән тудырып отыр. НАТО ядролық саясатына сәйкес, серіктес елдер төтенше жағдайда Еуропада орналасқан АҚШ оқтұмсықтарын қолдануға құқылы. Алайда төтенше жағдайдың деңгейін кім анықтайды?

Біраз бұрын НАТО Приднестровьедегі ресейлік бітімгершілер Молдова егемендігіне қол сұғып жатыр деп мәлімдеп, тәуелсіз елдердің ісіне араласпауды талап етті. Сонымен қатар Вашингтон Қырымның Ресейге өткенін және Абхазия мен Оңтүстік Осетияның мемлекеттік дербестігін мойындамайды.

Ресей Германияны Ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзды деп айыптады. Германия өзінің ядролық арсеналы болмаса да, ядролық қаруды қолдануды пысықтау үшін әскерилер мен ұшақтар ұсынып, АҚШ-тың "ядролық соғыс" бағытына қолдау білдіріп отыр.

Польша Әскери-әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшақтарының осы тектес шараларға қатысуы да алаңдаушылық тудырды. Ресей бұл қос мақсатта қолданылатын ұшақтар қандай оқтұмсық алып келе жатқанын радардан көре алмай отыр. Сол себепті РФ шекарасы жанына жақын ұшқан кез келген ұшақ әлеуетті түрде қауіпті болып бағалануда. Батыс сарапшыларының қазіргі ядролық соғыс қаупін өткен онжылдықтағыдан әлдеқайда ауқымды әрі жойқын екенін жиі айтуы да тектен-тек емес.

Жалпы Steadfast Noon ядролық оқу-жаттығулары үлкен қаржыны қажет етеді. В61-12 бомбаларын модернизациялау салық төлеушілер үшін 10 миллиард долларға айналады. Бундесвердің жаңа бомбалаушыларына 8 миллиард еуродан астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.

Жаңалықтар
0