Әлем

Франция НАТО-дан шығуы мүмкін бе

CC0 / / флаг Франции
флаг Франции - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
1 қаңтардан бастап Франция Еуроодақта төраға қызметіне келеді. Алдағы жылы қорғаныс мәселе жөнінде саммит өтеді. Бұл жиында жедел әрекет ету күштерімен алмасу жоспарлануда

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Парижде Вашингтонмен арадағы пікірталастан кейін НАТО-дан шығу туралы ой пайда болды. Бұл жағдайда Джозеф Байденнің қоңырау шалуы біршама реттегенмен, Эммануэль Макрон Ангела Меркельден кейін Еуроодақ көшбасшысы болуға талпынып жатыр, деп жазды РИА Новости.

Жалпы Франция президенті стратегиялық дербестік тақырыбын жиі қозғап жүр. Алайда француздардың бұл бастамасы мен белсенділігіне басқа еуропалықтар бәсекелестік танытуы мүмкін.

Франция "иллюзияның жетегінде жүруін доғарып", НАТО-дан шығуы керек. Сонымен қатар Вашингтон Тулузда орналастыруды жоспарлаған ғарыш қауіпсіздігі саласындағы Солтүстікатлантикалық альянстың орталығын да жиыстырып тастайтын уақыт жетті. Мұндай пікірді Ұлттық жиын депутаты, солшыл "Жеңілмеген Франция" партиясының басшысы Жан-Люк Меланшон білдірді. "Ұлттық бірлестік" көшбасшысы Марин Ле Пен де оған қолдау білдірді. Америкаға қатысты нарызылықтар саяси қарсыластарды біріктірді.

Учения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Әлем
НАТО Украинада әскери оқу-жаттығуларға дайындалып жатыр

Олардың өткір пікірлері де орынды: Франция мен АҚШ арасындағы дипломатиялық дау қазір өршіп тұр. Бесінші республика Австралия 12 суасты қайығының құрылысына арналған француздардың Naval Group компаниясымен арадағы келісімшартты бұзып, америкалық субмариналарға тоқтағанына ренжіп қалды.

Сонымен қатар Австралия, АҚШ пен Ұлыбритания қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы AUKUS жаңа одақ құру туралы жариялады. Бұл одаққа Францияны шақырмақ түгілі, алдын ала ескерткен де жоқ. Ал Париж өзін Тынық мұхиты өңіріндегі Вашингтонмен тең маңызды ойыншы деп санап келді.

Құны 56 миллиард долларды құрайтын келісімшарттың бұзылуы Франция үшін үлкен соққы болды. Сондықтан сырт тарап бұл оқиға Париждің англосаксондармен байланыс үзуге итермелеуіне себеп болуы мүмкін деген болжам жасады.

Франция Австралия мен АҚШ-тағы елшілерін қайтарып алды. Қорғаныс министрі Флоранс Парли Вашингтонды енді сенімді серіктес деп санамайтынын айтты. Ал Эммануэль Макрон Чесапик теңіз шайқасының 240 жылдығын америкалықтармен бірге атап өтуден және АҚШ-та желтоқсанда өтетін демократиялар форумына қатысудан бас тартты. Президент мұны жеке реніш ретінде қабылдағанын жасырмай, сондықтан бұдан әрі НАТО-ға мүше болудың мәні бар ма, жоқ па, деген мәселе туындайтынын айтты.

Франция тарихында мұндай жағдай бұрын да болған. 1966 жылы америкалықтардан әлдеқайда үлкен құрметті талап еткен Шарль де Голль елді альянстың әскери құрылымынан шығарып, тек саяси құрылымында қалдырды. Франция альянсқа Николя Саркози кезінде қайта оралды. Әйтсе де социалистер қарсы шықты.

НАТО угрожает запуску 5G в России - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Видео
НАТО Ресейде 5G ұялы байланысының жаңа буынын іске қосуға қарсы шықты – видео

Дау кезінде Еуроодақ Францияның жағына шықты. Брюссельдегілер Парижбен келісімшарттың бұзылуы бүкіл блокқа қауіп-қатер екенін мәлімдеді. Байденнің еуропалық одақпен татуласы бойынша әрекетінен ештеңе шықпады.

Брюссель дербес қарулы күштер құруды бұрыннан армандап жүр. Бірақ бұл жоспардан аса алмауда: Польша, Ұлыбритания мен Балтық елдері бұл идеяға қарсылық танытып келеді. АҚШ та түсінікті себептерге байланысты бұл ойға қолдау көрсетпей отыр: бұл Еуропадағы америкалық ықпалды бәсеңдететін еді.

Ұлыбританияның The Telegraph газеті қазір үлкен серпіліс үшін сәтті жағдай екенін және Макрон көшбасшы рөліне ең лайықты кандидат екенін жазды. Ангела Меркельдің Германия канцлері қызметінен кетуі француз көшбасшысына біріккен Еуропада нөмірі бірінші болуға мүмкіндік беріп отыр.

1 қаңтардан бастап Франция Еуроодақта төраға қызметіне келеді. Алдағы жылы қорғаныс мәселе жөнінде саммит өтеді. Бұл жиында жедел әрекет ету күштерімен алмасу жоспарлануда.

Ал Францияда президенттік науқан басталды. Сайлау жеті айдан кейін өтеді. Әзірше ықтимал кандидат ретінде Макрон, Меланшон және Ле Пенді, сондай-ақ журналист әрі саясаттанушы Эрик Земмурды атауда.

"Макронның қазіргі сыртқы саяси қадамдары оған бедел алып келген жоқ. Әйтсе де ол қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша көш бастап тұр. Елде ішкі проблемалар көп, реформалардың басым бөлігі өтпеді. Сондықтан президент сыртқы амалдарды барынша қолдануға тырысады", - деп түсіндірді Ресей ғылым академиясы Еуропа Институтының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Федоров.

Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Әлем
Байден билікке келгелі НАТО-ның көзқарасы өзгерді ме?

Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортуновтың айтуынша, Ұлыбритания кеткеннен кейін Франция Еуроодақтағы жалғыз ядролық державаға және ЕО елдері ішіндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жалғыз мүшесіне айналды. Сондықтан Макрон қажет болған жағдайда Еуроодақ бойынша серіктестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.

Бірақ Кортунов жағдайдың ушыққанына қарамастан, 50 жыл бұрынғы жағдай қайталануы екіталай екеніне сенімді. Сондықтан Франция НАТО-дан шықпайды. Парижге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді. Ал француз елшісі Филипп Этьен Вашингтонға аттанды.

Жаңалықтар
0