Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі қалай түсіріліп жатыр – фото

Жазылу
Шыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Бату хан туралы "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі түсіріліп жатыр. Фильмнің режиссері, сценарий авторы және продюсері – Рашид Нұғманов

Фильм "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрмек.

Фильм авторларының айтуынша, деректі фильмнің түсіру процесі аяқталуға таяды. Соған байланысты режиссер Рашид Нұғманов пен қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов фильм жайлы ақпарат беріп, туындының қалай түсірілгенін айтты.

"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде Қазақстаннан 9 адам, Ресейден 9 адам спикер болды. Моңғолия мен Украина, Америка, Канада, Франциядан да пікір білдірген кейіпкерлер бар. Олар – зерттеушілер, ғалымдар, тарихшылар, тізімге қарап-ақ олардың мықты маман екенін, тұшымды пікір айтқанын аңғаруға болады. Олар өз өмірінің көп бөлігін Бату хан өмір сүрген кезеңге арнап, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазған", - дейді Рашид Нұғманов.

Оның сөзінше, деректі фильм кезінде 25 маманнан сұхбат алынған.

"Мәдениет министрлігі фильмнің ұзақтығы 90 минут болуы керек деп тапсырыс берді. 25 маманның әрқайсынан кемінде бір сағаттан сұхбат алдық. Оның бәрін бір жарым сағатқа сыйдыру мүмкін емес екенін білсек те, түсіріп жатырмыз. Себебі осындай құнды материал негізінде келесі деректі фильмнің сценарийін жаза аламыз. Қазірге дейін 25 көрнекті тарихшыны бір жерге жинай алған басқа фильм көрген емеспін. Бұл – құнды материал. Әрі қарай деректі сериал түсіру жоспары да бар", - дейді Рашид Нұғманов.

Егер деректі сериал түсірілсе, аталған 25 маманның әрқайсысына бір бөлімнен арналады.

Фильмнің қалай түсіріліп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

 

 

© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіШыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Бату хан туралы "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі түсіріліп жатыр.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі  - Sputnik Қазақстан
1/10
Шыңғыс ханның немересі, Жошының ұлы Бату хан туралы "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмі түсіріліп жатыр.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінің режиссері, сценарий авторы және продюсері – Рашид Нұғманов.
Режиссер Рашид Нұғманов - Sputnik Қазақстан
2/10
"Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінің режиссері, сценарий авторы және продюсері – Рашид Нұғманов.
© Sputnik / Тимур БатыршинФильм "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрмек. Алматыда режиссер Рашид Нұғманов, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының кандидаты Артем Порсин фильмнің қалай түсірілгенін айтты.
Режиссер Рашид Нұғманов, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының кандидаты Артем Порсин  - Sputnik Қазақстан
3/10
Фильм "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрмек. Алматыда режиссер Рашид Нұғманов, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының кандидаты Артем Порсин фильмнің қалай түсірілгенін айтты.
© Sputnik / Тимур БатыршинМұрат Әуезов Бату туралы фильмге кейіпкер ретінде қатысуына Шыңғыс хан және оның дәуірі қалай қаланғаны қатты қызықтырғандықтан қосылғанын айтты. Ол Бату өмір сүрген кезеңді Шыңғыс хан мен Жамұқа арасындағы қарым-қатынастан бастайды.
Мұрат Әуезов  - Sputnik Қазақстан
4/10
Мұрат Әуезов Бату туралы фильмге кейіпкер ретінде қатысуына Шыңғыс хан және оның дәуірі қалай қаланғаны қатты қызықтырғандықтан қосылғанын айтты. Ол Бату өмір сүрген кезеңді Шыңғыс хан мен Жамұқа арасындағы қарым-қатынастан бастайды.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіФильм авторларының айтуынша, деректі фильмнің түсіру процесі аяқталуға таяды. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде Қазақстаннан 9, Ресейден 9 адам спикер болды. Моңғолия мен Украина, Америка, Канада, Франциядан да пікір білдіргендер бар.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
5/10
Фильм авторларының айтуынша, деректі фильмнің түсіру процесі аяқталуға таяды. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде Қазақстаннан 9, Ресейден 9 адам спикер болды. Моңғолия мен Украина, Америка, Канада, Франциядан да пікір білдіргендер бар.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіЗерттеушілер, ғалымдар, тарихшылар Бату кезеңі туралы ақпарат берген. Олардың ішінде Олжас Сүлейменов, Айболат Көшкімбаев, Жақсылық Сәбитов, Марат Сембин, Меруерт Әбусеитова бар.
Олжас Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
6/10
Зерттеушілер, ғалымдар, тарихшылар Бату кезеңі туралы ақпарат берген. Олардың ішінде Олжас Сүлейменов, Айболат Көшкімбаев, Жақсылық Сәбитов, Марат Сембин, Меруерт Әбусеитова бар.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіДеректі фильмнің ұзақтығы - 90 минут. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде 25 маман сұхбат берген. Фильм сол мамандардың дерегі негізінде түсірілді.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
7/10
Деректі фильмнің ұзақтығы - 90 минут. "Бату. Тарихи детектив" деректі фильмінде 25 маман сұхбат берген. Фильм сол мамандардың дерегі негізінде түсірілді.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметі"Құнды материал негізінде келесі деректі фильмнің сценарийін жаза аламыз. Қазірге дейін 25 көрнекті тарихшыны бір жерге жинай алған басқа фильм көрген емеспін. Бұл – құнды материал. Әрі қарай деректі сериал түсіру жоспары да бар",- дейді Рашид Нұғманов.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
8/10
"Құнды материал негізінде келесі деректі фильмнің сценарийін жаза аламыз. Қазірге дейін 25 көрнекті тарихшыны бір жерге жинай алған басқа фильм көрген емеспін. Бұл – құнды материал. Әрі қарай деректі сериал түсіру жоспары да бар",- дейді Рашид Нұғманов.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіФильмнің бас продюсері - президенттің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев. Фильм авторлары 2015 жылы осы тақырыпты зерттей бастаған кезде өздеріне мүдделес адамды іздеген. Бірқатар саясаткер, кәсіпкермен кездесуден кейін осы тақырыпқа қызығушылық танытқан Әсет Исекешевке фильм авторлары продюсер болуды ұсынған. Қазір ол түсірілімді жеке бақылап отырады, ресми органдар тарапынан көмек қажет болса, ұйымдастырып береді. Фотода: түсірілім тобының Жошы хан кесенесіне барған сәті.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
9/10
Фильмнің бас продюсері - президенттің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев. Фильм авторлары 2015 жылы осы тақырыпты зерттей бастаған кезде өздеріне мүдделес адамды іздеген. Бірқатар саясаткер, кәсіпкермен кездесуден кейін осы тақырыпқа қызығушылық танытқан Әсет Исекешевке фильм авторлары продюсер болуды ұсынған. Қазір ол түсірілімді жеке бақылап отырады, ресми органдар тарапынан көмек қажет болса, ұйымдастырып береді. Фотода: түсірілім тобының Жошы хан кесенесіне барған сәті.
© Photo : "Cinegram" ЖШС баспасөз қызметіФильмде авторлардың жеке көзқарасы берілмейді. Сұрақтарға мамандар жауап береді, түйінді көрермен өзі шығарады. Фильм 2021 жылдың 10 желтоқсанында дайын болады деп жоспарланған.
Бату. Тарихи детектив деректі фильмі түсіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
10/10
Фильмде авторлардың жеке көзқарасы берілмейді. Сұрақтарға мамандар жауап береді, түйінді көрермен өзі шығарады. Фильм 2021 жылдың 10 желтоқсанында дайын болады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0