Оқиға

Тараз маңындағы жолда бір адам көз жұмып, алтауы ауруханаға жатқызылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуРазбитое стекло автомобиля
Разбитое стекло автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Жол апаты жүргізушілердің бірінің өмірін қиды. Трагедия Тараз-Сарыкемер тасжолында болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Тараз маңындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Тараз – Сарыкемер тасжолының алтыншы шақырымында 15 қазанда сағат 7:20-да болған.

"Audi B4 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 21 жастағы жергілікті тұрғын мінген ВАЗ-2104 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ жүргізушісі сол жерде көз жұмды, 6 адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды", -делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар   сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0