НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда он шақты адамның жүріп бара жатқан полиция автобусынан қашып шыққан сәті видеоға түсіп қалды.
View this post on Instagram
Елорда полиция департаментінің ақпаратынша, 11 қазанға қараған түні сағат 01:24-те "102" нөміріне Жұмабаев көшесіндегі клубтың жанында төбелес болғаны туралы ақпарат түсті.
Оқиға орнына полиия жасағы келді, алайда төбелес фактісі расталған жоқ. Анықталғандай, жастар мас болған.
"Полиция бөліміне жеткізу кезінде бұзақылар автобустан қашып шыға бастады. Барлығы ұсталып, Алматы ауданы полиция басқармасына жеткізілді", - деп мәлімдеді елорда департаменті.
Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін оларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.
Бұған қоса, құқыққорғаушылар клуб әкімшілігінің карантинді бұзғанын анықтады. Жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.
Оқи отырыңыз: