06:24 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1335 0 0

Ер адам әйелді тонамақ болған, бірақ оның жоспарына сол маңнан өтіп бара жатқан жүргінші кедергі жасаған. Содан кейін ол 13 жастағы қыздың жолдорбасын тартып алған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы күндізгі уақытта 44 жастағы әйел мен 13 жастағы қызға тап берген тонаушыны ұстады.

Ер адам Қошқарбаев көшесінде жұрттың көзінше қала тұрғындарына қарақшылық шабуыл жасаған. Бірінші жағдайда ол әйелдің сөмкесін тартып алмақ болған, бірақ оған сол маңнан өтіп бара жатқан адам тойтарыс берген. Тонаушы қашып кеткен. Куәгерлер бірден 102-ге қоңырау соқты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Қаскүнем мұнымен тоқтамады. Ол 13 жастағы қыздың мектеп жолдорбасын тартып алып, екінші рет қылмыс жасады. Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы жіберілді.

"Жедел іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні қылмыс орнына жақын жерде ұстады", - деп хабарлады полиция департаменті.

Заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды.

Бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 2000 АЕК -ке дейін (5,8 миллион теңге немесе 13,7 мың доллар) ірі көлемде айыппұл салынады немесе төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу, айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Риддерде әйел болып киінген ер адамның қылмысы әшкереленді – видео 

Загрузка...

Басты тақырып