Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалында неге адам көп жиналғаны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Техникалық себептерге байланысты Қырқыншы стансада Нұр-Сұлтан-1 стансасына келетін және жөнелетін жолаушылар пойыздары қозғалысында іркіліс болды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Дүйсенбі, 11 қазан таңертеңнен бастап елордадағы теміржол вокзалында халық қарасы қалың. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мұның себебін түсіндірді.

"Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-каналында қаланың ескі теміржолында түсірілген фото жарияланды.

"Бүкіл пойыз кешігіп жатыр, анықтама қызметі мұның себебі мен пойыздардың жүретін уақытын нақты айта алмайды. Қазір пандемия, ал вокзалда адам көп. Не болып жатыр өзі? Неге бүкіл пойыз кешігіп жатыр?", - деп жазды фото авторы.

ҚТЖ бұл жайтқа түсініктеме берді. Компания мәліметінше, 11 қазан күні техникалық себептерге байланысты Қырқыншы стансада Нұр-Сұлтан-1 стансасына келетін және аттанатын жолаушылар пойыздарының қозғалысында іркіліс пайда болды. Жұрттың жиналуына да осы себеп болған.

"Вокзал дикторлары жолаушыларға кешігетін пойыздар жайлы үнемі хабарлап тұрады. Вокзал жұмысшылары жолаушыларға жағдайды түсіндіреді. Сағат 12.00-де пойыз қозғалысы тұрақталды", - деп атап өтті ҚТЖ.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздық үшін елорда тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0