Қоғам

"Маңғыстау-Ақтөбе" пойызындағы жарылыс: теміржолшыға үкім шығарылды

© Photo : МЧС КазахстанаӨртенген вагон
Өртенген вагон - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Айыпталушы сотта өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының соты жүк вагонында өрттің шығуына кінәлі теміржолшыға қатысты үкім шығарды.

Оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған.

Жүк пойызы басшысына Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, 292 бап 2 бөлім - адам өлімі немесе өзге де ауыр салдарға алып келген өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу, 156 баптың 2 бөлімі - денсаулыққа орташа ауыр зақым келтірілген еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік ережесін бұзу бойынша айып тағылды.

Жолаушылар пойызындағы жарылыс: полиция қылмыстық іс қозғады

Сотталушы азамат әріптестерімен бірге 13 желтоқсанда Маңғыстау станциясынан "Маңғыстау-Ақтөбе" бағытындағы пошта қызметінің вагонынымен іссапарға шықты. Оның өз кезекшілігінде әріптестерімен бірге вагон ішінде газ баллонына жалғанған пеште ас әзірлегені мәлім болды. Газ баллоны жарылып, вагон өртенді.

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады. Және өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

Пойыздағы жарылыс: Қазпошта өзіне тиесілі вагон туралы айтты

Сот теміржолшыны айыпты деп таныды. Оған қатысты екі жылға дейін бас бостандығын шектеу және 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін пошта, көлік қатынасы қызметінен шектеу туралы үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 14 желтоқсанында "Маңғыстау-Ақтөбе" пойызының  пошта вагонынында газ баллоны жарылып, өрт шықты.

Вагонда бес адам болған. Олар түрлі жарақатпен Бейнеу ауылының ауруханасына түсті. Кейін денесінің 80 процентін күйік шалған бір азамат көз жұмды.  

 

 

Жаңалықтар
0