Өңірлер

Полиция Ақтөбе-Алматы пойызында болған келеңсіз оқиға туралы ақпарат берді

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолыПассажирский поезд
Пассажирский поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған. Бұл жоспары іске аспаған соң төбеге шығып кетті. Ол жерден көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алды

ПАВЛОДАР, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны пойыз төбесіне мініп, Алматыға жетпек болды. Жігітті көлік полицейлері түсіріп алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Келеңсіз жағдай 21 қыркүйек, дүйсенбіде болған. 

"Ішімдік ішкен 20 жастағы ақтөбелік пойыз төбесіне шығып кетті. Пойыз Ақтөбеден Алматыға бет алған болатын", - деді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған. Бұл жоспары іске аспаған соң төбеге шығып кетті. Ол жерден көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алды.

"Ұсталған адам әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: "Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу", "Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу", "Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу", - деді полиция генерал-майоры.

Бекиев ұсталған жігіт бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

"Әйелім қалып қойды": жүріп кеткен пойызды тоқтатқан астаналық айыппұл төледі

Тальго жолсеріктері пойызда әйел зорлады: ҚТЖ мәлімдеме жасады

Пойыздағы жарылыс: Қазпошта өзіне тиесілі вагон туралы айтты

Жаңалықтар
0