Қоғам

Үй жануарын азаптап өлтірген адам бір жылға қамалады - жаңа заң әзірленді

© Photo : Рixabay/ Andrey_and_Lesyaиттер
иттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Көпшіліктің алдында жануарларға бірнеше рет жауыздық жасағандарға екі миллион теңге айыппұл салу қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда жануарларға қатысты жаңа заң жобасы әзірленді. Соның аясында қылмыстық жазаны барынша күшейту жоспарланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодексте 316-бап бар. Оған сәйкес, жануарды қатыгездікпен өлтіргені үшін 120 айылық есептік көрсеткіш (350 040 теңге) көлеміндегі айыппұл не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Енді бұл жазаны тек жануардың мертігуіне әкеліп соққан әрекеттер кезінде ғана қолдану ұсынылып отыр. Ал жануар өліп қалса, айыппұл 200 айлық есептік көрсеткішке (583 400 теңге) дейін көтеріледі. Қамау мерзімі 50 тәулік болады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, қылмысты адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы жасаған жағдайда бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылды.

"Егер бірнеше адам алдын ала сөз байласу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялық желілерді қолданып, көпшіліктің алдында жануарларға бірнеше рет жауыздық жасаса 1 000 айлық есептік көрсеткіш (2 917 000 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы бар", - деді Тұрғамбаев брифингте.

Қазіргі кезде мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын қарауға кірісті. Құжат жаңа жылға дейін қабылданады деген жоспар бар.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0