Қоғам

Итті азаптағандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді

© AFP 2024 / MAURO PIMENTELСобака выглядывает сквозь отверстие в ограде
Собака выглядывает сквозь отверстие в ограде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Жазылу
Бұл жағдай Қазақстанда болды ма әлде өзге елде ме әлі нақты белгісіз. Жануарларды қорғаушылар қатыгездік танытқандарды жауапқа тартуды талап етіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Желіде итті тірідей өртеп жібергендердің видеосы тарады.

Видеоны жануарларды қорғайтын бірнеше ұйым жариялады. Жанып жатқан ит қақпаннан шыға алмай азаптанады. Ролик бір минутқа жуық уақытқа созылады. Автор ит өлгенше дейін видео түсіруін тоқтатпаған.

Бұл жағдай қай елде болғаны белгісіз. Бірақ қазақша сөйлеген дауыстар естіледі. Автор ит қиналып өліп жатқанын айтады. Қолында бензинге ұқсас сұйықтық бар.

Волонтерлер ішкі істер министрлігін жағдайға назар аударып, кінәлілерді жазалауды сұрап отыр.

"Видеоны көрмеуге кеңес береміз. Біз оны барынша қысқарттық. Итті қақпанға бекітіп қойған сияқты. Ол ешқайда қашып кете алмады", - делінген жазбада.

Болған оқиғаға немесе видеодағы адамдардың жеке басына байланысты ақпараты бар қазақстандықтар құзырлы органдарға хабар бере алады.

Құқық қорғау органдары жағдайға қатысты әлі ешқандай шара қолданған жоқ. Қазақстандықтар оларды әлеуметтік желідегі парақшаларда белгілеп жатыр.

Жаңалықтар
0