05:52 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1936 0 0

Видеоны Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым - Sputnik. Петропавл қаласында ер адам әйелмен бірге көпқабатты үйдің дәл жанында итті сойып, бөлшектеп тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлеуметтік желіде жаға ұстатарлық видео тарап кетті. Оны Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

"Бүгін сағат 13:20-да ер адам тұрғын үйді алдында итті сойып, бөлшектеп тастады", - дейді видео авторы.

Петропавл қаласының полиция департаменті қасапшыларды ұстады. 42 жастағы ер адам мен 60-тағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларға қатыгездiк жасау) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп", - дейді полицейлер.

Осы бапқа сәйкес, 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Кілт сөздер:
Петропавл, ит
Загрузка...

Басты тақырып