Өңірлер

Павлодар облысында есікті ешкім ашпаған пәтерлерден екі адамның денесі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Қайғылы жағдайдың бірі Павлодар қаласында, екіншісі Екібастұзда тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Павлодар облысында есікті ешкім ашпаған пәтерлерден екі адамның денесі табылды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 7 қазанда құтқарушылар 4 рет есіктерді ашуға шыққан.

"Кешкі сағат 20.20-да Екібастұзда Амангелді көшесінде жеке секторда ер адам есікті ашпады, үйден мәйіттің иісі шыққан. Құтқарушылар полиция қызметкерлері мен туыстарының қатысуымен арнайы құралмен есікті ашты. Бөлмелердің бірінде 1968 жылы туған ер адамның мәйіті табылды", - деп атап өтті департамент.

Осындай жағдай Павлодар қаласында да болды. Түнгі сағат 11-де инсульттан кейін ер адам есікті ашпаған. Құтқарушылар әдеттегідей есікті ашты. Бөлмелердің бірінде 1974 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ алғашқы хабарлама сағат 17.10-да Н.Назарбаев даңғылы 44 мекенжайы бойынша түскен. Бала пәтердің есігін ашпай қойған, ата-анасы кіреберісте болған. Құтқарушылар келген бойда полиция қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен пәтерге балкон арқылы, жылжымалы баспалдақтар мен арнайы құралдардың көмегімен кірді.

Екібастұз қаласындағы екінші оқыс оқиғаға құтқарушылар сағат 18-51-де шықты. Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында 1945 жылы туған жалғызбасты әйел пәтердің есігін аша алмаған. Құтқарушылар полиция қызметкерлерінің қатысуымен арнайы құралдармен есікті ашты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0