Оқиға

Қарағанды облысында бүтін бір отбасын өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Ерлі-зайыпты мен олардың қызын өлтірген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН,13 тамыз - Sputnik. Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды.

Жұма күні 58 жастағы ер адамды, оның 59 жастағы әйелі мен 21 жастағы қызын өлтіріп кеткен. Бәрінің денесінде пышақ жарақаты бар. 

"Жедел-тергеу шаралары барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде марқұмдарға пышақ сұққанын мойындады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері. 

Қылмыстық кодекстің 99-бабына ("Адам өлтіру") сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0