Өңірлер

Жел, бұрқасын: 6 қазанда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал Калиевборан
боран - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Республиканың тек батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды. Кей өңірлерде бұрқасын болады

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. 6 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер болжамына сәйкес, елдің шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың солтүстігінде және шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.

-11°C болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде жел күшейеді.

Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с желдің күшеюі байқалады. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, жел 18 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының оңтүстігінде түнде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Нұр-Сұлтанда ауа райы бұзылды: бір күнде 90 жол апаты болды

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Жамбыл облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ болады, батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0