Оқиға

Нұр-Сұлтанда ауа райы бұзылды: бір күнде 90 жол апаты болды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Қаланың полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының бұзылуына байланысты жол апаты күрт өсті.

Өткен тәулікте елордада 91 жол апаты тіркелді, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көлік жүргізушілерін қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуға, жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды.

Полицияның мәліметінше, дымқыл асфальт көлік жүргізушілері үшін қауіпті саналады. Сонымен қатар түнгі қырау басталды. Мұның бәрі автокөлікті тежеу уақытының ұлғаюына әсер етеді, сондықтан кенеттен жолдан ауытқу мен тежегішті басудан аулақ болу керек.

Жаңбыр кезінде, ауа райы қолайсыз кезде жаяу жүргіншілер келе жатқан көліктерді көрмейді, сондықтан абай болған жөн.

Полиция департаменті жаяу жүргіншілер жолының алдында қозғалыс жылдамдығын барынша азайтуды және өте мұқият болуды сұрайды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0