АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Қазгидромет 5-7 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын түседі.
Алдағы үш күнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Синоптиктер болжамы бойынша көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.
Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді.
Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.
Мегаполистегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда 5 қазанда қар жауады, түнде -1°C, күндіз +1°C болжанды. 6-7 қазанда күн бұлтты, түнде -2...-1°C, күндіз +3...+5°C жылы.
Алматыда үш күн қатарынан күн бұлтты болады, 5 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +7°C, күндіз +12°C жылы болады. 6 қазанда жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде -1°C, күндіз +6°C. Ал 7 қазанда жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +2°C жылы.
Шымкентте 5-6 қазанда күн бұлтты, түнде +5...+6°C, күндіз +15...+16°C жылы. Ал 7 қазанда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +16°C жылы.
Оқи отырыңыз:
- Қазан айында ауа райы қандай болады
- Қазақстандықтар қазанда неше күн демалады
-
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды