17:42 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2837 0 0

Қазан айында мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Алайда қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Келесі айда мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Дегенмен, қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бес күндік жұмыс аптасы бар адамдар келесі айда 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істесе, алты күн жұмыс істейтіндер бес-ақ күн демалады.

Қазан айында мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Алайда қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Соның ішінде биыл алғаш рет бекітілген Радио күні бар.

  • 1 қазан – Қарттар мен Радио күні;
  • қазан айының алғашқы жексенбісі - Мұғалімдер күні;
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің үні;
  • 10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;
  • 16 қазан – Нан күні;
  • 19 қазан – Құтқарушылар күні;
  • қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;
  • қазан айының соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні.

Айта кетері, биыл жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін төл мейрамымен құттықтау кезінде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударды.

Президент Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітуді ұсынды. Тамыз айында үкімет қаулысымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне Радио күні енгізілді.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
Нұр-Сұлтанда мереке күндері қандай іс-шаралар өтеді
Қазақстандықтарға мереке күндері адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес берілді
Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
Кілт сөздер:
қазан, мереке, демалыс
Загрузка...

Басты тақырып