Гринвич обсерваториясы жыл сайын өткізетін Astronomy Photographer of the Year байқауының жеңімпаздары түсірген ең керемет және әсерлі фотоларды қазылар алқасы таңдады.
Биыл байқауға 75 елдің фотографтары қатысып, 4 500-ге жуық жұмыс түсті.
Қатысушылар "адамдар және ғарыш", "полярлық шуақ", "Галактикалар" "Біздің ай", "Ғаламшар, комета және астероидтар", "жұлдыздар мен тұман", "аспан суреттері", "жас астрофотограф" номинациялары бойынша үздік астрофотограф атағы үшін жарысты.
Сонымен қатар бұл кәсіпті енді бастағандарға арнайы сыйлық табысталды.
Жұлдызды аспанның керемет көрінісі, полярлық шуақ, алыс галактикалар – байқау жеңімпаздарының үздік кадрларын біздің фотолентадан тамашалаңыз.
Оқи отырыңыз:
- Тәтті мекен: Сингапурде балмұздақ музейі ашылды – фото
- Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото
- Жұлдыз жауған түн: әлемнің әр түкпірінен түсірілген таңғажайып суреттер
© Photo : Göran Strand / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13"Ай шеңбері" – фотографтың -16 градус температурада түсірген фотосы. Ауа ұсақ мұз кристалдарына толып, дәл осындай фото түсіруге мүмкіндік берді. Мұндай шеңбер әдетте Күн айналасында жиі кездеседі. Ал оны ай сәулесінде көру үшін ол барынша жарық болуы керек. Көп жағдайда ай толған кезде көрінеді. Эстерсунд, Лен Ямтланд, Швеция.
"Ай шеңбері" – фотографтың -16 градус температурада түсірген фотосы. Ауа ұсақ мұз кристалдарына толып, дәл осындай фото түсіруге мүмкіндік берді. Мұндай шеңбер әдетте Күн айналасында жиі кездеседі. Ал оны ай сәулесінде көру үшін ол барынша жарық болуы керек. Көп жағдайда ай толған кезде көрінеді. Эстерсунд, Лен Ямтланд, Швеция.
© Photo : Dmitrii Rybalka / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Фотограф алдымен кеме үстінде жылан сияқты жақындап келе жатқан кішкентай ақ жолақты байқаған. Ол ауада бір нәрсе болып жатқанын, үлкен оқиға болатынын сезген және өзінің дәл осы жағдайды күткенін түсінді. Бірнеше минуттан кейін аспанда ашық жасыл шамдар пайда болды. Фото 2020 жылы 30 қарашада Ресейде түсірілген.
Фотограф алдымен кеме үстінде жылан сияқты жақындап келе жатқан кішкентай ақ жолақты байқаған. Ол ауада бір нәрсе болып жатқанын, үлкен оқиға болатынын сезген және өзінің дәл осы жағдайды күткенін түсінді. Бірнеше минуттан кейін аспанда ашық жасыл шамдар пайда болды. Фото 2020 жылы 30 қарашада Ресейде түсірілген.
© Photo : Shuchang Dong / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 132020 жылдың 21 маусымында күннің тұтылуы болды, фотограф оны жіберіп алмауға тырысқан. Ол Тибетке баруға ұйғарған, себебі ол жақта жыл бойы күн ашық болады. Алайда күн тұтылған кезде аспанда қара бұлт болды. Бірақ тұтылудан бір минут өткен соң күн сәулесі бұлттар арқылы көрінген. Фотограф бұл суретті сол кезде түсірді.
2020 жылдың 21 маусымында күннің тұтылуы болды, фотограф оны жіберіп алмауға тырысқан. Ол Тибетке баруға ұйғарған, себебі ол жақта жыл бойы күн ашық болады. Алайда күн тұтылған кезде аспанда қара бұлт болды. Бірақ тұтылудан бір минут өткен соң күн сәулесі бұлттар арқылы көрінген. Фотограф бұл суретті сол кезде түсірді.
© Photo : Terry Hancock / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13NGC 1499 деп те аталатын Калифорния тұманы 2021 жылы жеті түн ішінде кең жолақты және тар жолақты фильтрдің көмегімен 16,1 сағатта түсірілді. Бұл эмиссиялық тұманның ұзындығы шамамен 100 жарық жылы және жерден 1000 жарық жылы шамасындағы қашықтықта орналасқан. Бұл Калифорния тұманы деп аталады, себебі ол Американың Калифорния штатының құрылымына ұқсайды. АҚШ, 16-31 қаңтар, 6 және 28 ақпан, 2 наурыз, 2021 жыл.
NGC 1499 деп те аталатын Калифорния тұманы 2021 жылы жеті түн ішінде кең жолақты және тар жолақты фильтрдің көмегімен 16,1 сағатта түсірілді. Бұл эмиссиялық тұманның ұзындығы шамамен 100 жарық жылы және жерден 1000 жарық жылы шамасындағы қашықтықта орналасқан. Бұл Калифорния тұманы деп аталады, себебі ол Американың Калифорния штатының құрылымына ұқсайды. АҚШ, 16-31 қаңтар, 6 және 28 ақпан, 2 наурыз, 2021 жыл.
© Photo : Nicolas Lefaudeux / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Венераны Ай жауып қалардың алдында түсірілген фото. 2020 жылдың 19 маусымы, Франция.
Венераны Ай жауып қалардың алдында түсірілген фото. 2020 жылдың 19 маусымы, Франция.
© Photo : Vinicius Martins / Insight Investment Astronomy Photographer of the YearБұл Қытайдағы егеуқұйрық жылы түсірілген Күн, Ай және Күн жүйесінің планеталары (жерден басқа). Юнтай, Фуцзянь, Қытай, 2020 жылдың 14 тамызы – 2021 жылдың 21 қаңтары.
Бұл Қытайдағы егеуқұйрық жылы түсірілген Күн, Ай және Күн жүйесінің планеталары (жерден басқа). Юнтай, Фуцзянь, Қытай, 2020 жылдың 14 тамызы – 2021 жылдың 21 қаңтары.
© Photo : Dario Giannobile / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 132021 жылдың ақпанында Этна вулканының белсенділігі байқалды. Ол 500 метр биіктікке дейін атқылады. Белсенділік қысқа, бірақ қарқынды болды. Кратердің құрылымы жойылды. 25 ақпанда Этна тағы да атқылады. Сицилия, Италия, 25 ақпан, 2021 жыл.
2021 жылдың ақпанында Этна вулканының белсенділігі байқалды. Ол 500 метр биіктікке дейін атқылады. Белсенділік қысқа, бірақ қарқынды болды. Кратердің құрылымы жойылды. 25 ақпанда Этна тағы да атқылады. Сицилия, Италия, 25 ақпан, 2021 жыл.
© Photo : Nicholas Roemmelt / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Түн батып, таң ататын уақыт аралығы фотографтар үшін үнемі сәтті уақыт саналады. Күннің көзі көрінбей тұрып жарықтың қылаң етуі, қараңғылықтың еріксіз жарыққа жол беруі, араға аз уақыт салып бозғылт көк түстің төңіректі жаулап алуы – ғажап көрініс. Бұл бір істі бастауға берген уәдеге ұқсайды. Австрия, 21 ақпан 2021 жыл.
Түн батып, таң ататын уақыт аралығы фотографтар үшін үнемі сәтті уақыт саналады. Күннің көзі көрінбей тұрып жарықтың қылаң етуі, қараңғылықтың еріксіз жарыққа жол беруі, араға аз уақыт салып бозғылт көк түстің төңіректі жаулап алуы – ғажап көрініс. Бұл бір істі бастауға берген уәдеге ұқсайды. Австрия, 21 ақпан 2021 жыл.
© Photo : Frank Kuszaj / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Қаңтардың суық күнінде фотографтар метеорларды емес, алыстағы галактикалар мен тұманды түсіруді жоспарлаған. Камераны орнатқан кезде олар Жер атмосферасына енген жасыл метеорді көрген. АҚШ, 19 қаңтар 2021 жыл.
Қаңтардың суық күнінде фотографтар метеорларды емес, алыстағы галактикалар мен тұманды түсіруді жоспарлаған. Камераны орнатқан кезде олар Жер атмосферасына енген жасыл метеорді көрген. АҚШ, 19 қаңтар 2021 жыл.
© Photo : Bogdan Borz / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Чилескоп, Рио-Уртадо, Кокимбо аймағы, Чили, 17-18 мамыр және 16 маусым, 2020 жыл.
Чилескоп, Рио-Уртадо, Кокимбо аймағы, Чили, 17-18 мамыр және 16 маусым, 2020 жыл.
© Photo : Jeffrey Lovelace / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Өлім алқабы ұлттық паркі, Калифорния, АҚШ, 25 ақпан 2020 жыл.
Өлім алқабы ұлттық паркі, Калифорния, АҚШ, 25 ақпан 2020 жыл.
© Photo : Zhong Wu / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Құс жолының панорамасы: мозаиканың солтүстік бөлігі Қытайда, оңтүстігі Жаңа Зеландияда түсірілді. Фото "Галактикалар" санатында бірінші орын алды.
Құс жолының панорамасы: мозаиканың солтүстік бөлігі Қытайда, оңтүстігі Жаңа Зеландияда түсірілді. Фото "Галактикалар" санатында бірінші орын алды.
© Photo : Larryn Rae / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Бұл фотода Исландияның ең танымал сарқырамаларының бірі – құдайлар сарқырамасы түсірілген. Гогафосс, солтүстік-шығыс аймақ, Исландия, 6 ақпан 2020 жыл.
Бұл фотода Исландияның ең танымал сарқырамаларының бірі – құдайлар сарқырамасы түсірілген. Гогафосс, солтүстік-шығыс аймақ, Исландия, 6 ақпан 2020 жыл.
© Photo : Alan Friedman / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Бұл үлкен шошақ күн шетін бірнеше күн бойы безендірді және анық көрінді. Төмен атмосфералық турбуленттілік кезінде ғана ұсақ бөлшектер мен құрылымдарды анық көруге болады. Буффало, Нью-Йорк, АҚШ, 17 маусым 2020 жыл.
Бұл үлкен шошақ күн шетін бірнеше күн бойы безендірді және анық көрінді. Төмен атмосфералық турбуленттілік кезінде ғана ұсақ бөлшектер мен құрылымдарды анық көруге болады. Буффало, Нью-Йорк, АҚШ, 17 маусым 2020 жыл.
© Photo : Deepal Ratnayaka / Royal Observatory’s Astronomy Photographer of the Year 13Ұлыбритания пандемияға байланысты бірнеше ай бойы толық оқшаулау және сапарға шектеу қою жағдайында болғандықтан астрофотография фотографтардың назарына ілікті. Бұл фотосурет 2020 жылды қорытындылады. Виндзор, Беркшир, Ұлыбритания, 2021 жылдың 20-21 қаңтары.
Ұлыбритания пандемияға байланысты бірнеше ай бойы толық оқшаулау және сапарға шектеу қою жағдайында болғандықтан астрофотография фотографтардың назарына ілікті. Бұл фотосурет 2020 жылды қорытындылады. Виндзор, Беркшир, Ұлыбритания, 2021 жылдың 20-21 қаңтары.