Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото

Жазылу
Аралдар су астына кетіп, мұздықтар ериді, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне жарамсыз қарлы тау шыңдары жасыл желекке малынып, "гүлдей" бастайды

Құрғақшылық, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дауыл – ғаламшардың барлық жерінде жаһандық жылынудың салдарын байқауға болады. Төтенше ауа райы құбылыстарының саны артып келеді, жыл сайын температура рекорды жаңарып жатыр, мұхиттар деңгейі көтеріліп, мұз да жылдам еріп келеді.

Экологтар бүкіл ғаламшардағы климаттың өзгергені туралы аз айтқан жоқ. Жаһандық жылыну қарқынының артып жатқанын байқауға болады. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, Жер Цельсий бойынша 1,5-2 градустық қауіпті температура шегіне 2030 жылға таман жетеді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдардың климаттың өзгеруіне қатысты болжамдары жаға ұстатады

Олар жаһандық жылыну бүкіл әлемге әсер етіп, оны тұрақсыз етеді деген мәлімдеме жасады. Ғалымдардың айтуынша, бұған бірнеше ондаған жыл бұрын атмосфераға түскен парниктік газ шығарындылары себеп болып отыр.

Қазірдің өзінде ғаламшар индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,2 °C-қа жылынып кетті.

Ғалымдар алдыңғы зерттеулердің дұрыс нәтиже бергеніне қарамастан, жаһандық жылынудың төмендеуіне нақты болжам жасау мүмкін емес екенін айтады. Өйткені мұндай эксперимент жер тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.

Ғаламшардың түрлі аймағындағы климат өзгерісінің зардабын фотолентадан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Адамзатқа қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар тағы да дабыл қақты

© REUTERS / Bob StrongГренландиядағы айсбергтерге қарама-қарсы өскен жабайы гүлдер.
Гренландиядағы жабайы гүлдер - Sputnik Қазақстан
1/15
Гренландиядағы айсбергтерге қарама-қарсы өскен жабайы гүлдер.
© AFP 2024 / Noah BergerКалифорниядағы су тасқынының зардабы
су тасқыны, Калифорния  - Sputnik Қазақстан
2/15
Калифорниядағы су тасқынының зардабы
© Sputnik / Aerial Forest Protection Service / Медиабанкке өтуЯкутиядағы орман өртін сөндіру кезіндегі "Авиаорманқорғау" қызметкері.
Якутиядағы өрт - Sputnik Қазақстан
3/15
Якутиядағы орман өртін сөндіру кезіндегі "Авиаорманқорғау" қызметкері.
© REUTERS / David BeckerКалифорниядағы Өлім аңғарындағы ыстық кезінде басына бір бөтелке мұз қойған ер адам.
Калифорния, аптап ыстық - Sputnik Қазақстан
4/15
Калифорниядағы Өлім аңғарындағы ыстық кезінде басына бір бөтелке мұз қойған ер адам.
© REUTERS / David McNewКалифорниядағы табиғи өрт кезінде пайда болған күлді құйын.
Құйын, Калифорния  - Sputnik Қазақстан
5/15
Калифорниядағы табиғи өрт кезінде пайда болған күлді құйын.
© REUTERS / Lucas JacksonГренландиядағы айсберг бөлшегі.
Айсберг, Гренландия  - Sputnik Қазақстан
6/15
Гренландиядағы айсберг бөлшегі.
© REUTERS / Yiannis KourtoglouКипрдегі климаттың өзгеруіне қарсы наразылық кезінде плакат ұстап шыққан балалар.
Климаттың өзгеруіне қарсы наразылық, Кипр  - Sputnik Қазақстан
7/15
Кипрдегі климаттың өзгеруіне қарсы наразылық кезінде плакат ұстап шыққан балалар.
© REUTERS / Ricardo MoraesБразилияның Рио-Пардо муниципалитетінде жанып жатқан ағаш.
Өртеніп жатқан ағаш, Бразилия - Sputnik Қазақстан
8/15
Бразилияның Рио-Пардо муниципалитетінде жанып жатқан ағаш.
© AFP 2024 / Robyn BeckКалифорнияда солып қалған гүлге қонған құс.
Құс, Калифорния - Sputnik Қазақстан
9/15
Калифорнияда солып қалған гүлге қонған құс.
© REUTERS / Jonathan DrakeСу тасқыны Еуропаға, Қытайға және Үндістанға үлкен зиян келтірді, ал АҚШ, Канада, Греция және Түркияда орман өрті өршіді. Фотода: Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) Флоренсия дауылынан кейінгі су тасқыны.
Тасқын, Солтүстік Каролина - Sputnik Қазақстан
10/15
Су тасқыны Еуропаға, Қытайға және Үндістанға үлкен зиян келтірді, ал АҚШ, Канада, Греция және Түркияда орман өрті өршіді. Фотода: Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) Флоренсия дауылынан кейінгі су тасқыны.
© AP Photo / Victor CaivanoҚуаңшылықтан суы тартылған Аргентинадағы Парана өзенінің үстінен ұшып бара жатқан құстар.
Қуаңшылық, Аргентина  - Sputnik Қазақстан
11/15
Қуаңшылықтан суы тартылған Аргентинадағы Парана өзенінің үстінен ұшып бара жатқан құстар.
© REUTERS / Stephen LamКалифорниядағы табиғи өрт кезінде жанып жатқан үй.
Өрт, Калифорния - Sputnik Қазақстан
12/15
Калифорниядағы табиғи өрт кезінде жанып жатқан үй.
© REUTERS / Ueslei MarcelinoБразилияның Параиба штатындағы Бокейрао резервуарының орны.
Жарылған жер, Бразилии  - Sputnik Қазақстан
13/15
Бразилияның Параиба штатындағы Бокейрао резервуарының орны.
© AP Photo / Petros KaradjiasГрециядағы табиғи өрттен кейінгі түтінді тұман.
Тұман, Греция - Sputnik Қазақстан
14/15
Грециядағы табиғи өрттен кейінгі түтінді тұман.
© REUTERS / Peter NichollsПлакат ұстап, наразылық білдіріп тұрған адам, Лондон.
Наразалық, Лондон  - Sputnik Қазақстан
15/15
Плакат ұстап, наразылық білдіріп тұрған адам, Лондон.
Жаңалықтар
0