Құрғақшылық, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дауыл – ғаламшардың барлық жерінде жаһандық жылынудың салдарын байқауға болады. Төтенше ауа райы құбылыстарының саны артып келеді, жыл сайын температура рекорды жаңарып жатыр, мұхиттар деңгейі көтеріліп, мұз да жылдам еріп келеді.
Экологтар бүкіл ғаламшардағы климаттың өзгергені туралы аз айтқан жоқ. Жаһандық жылыну қарқынының артып жатқанын байқауға болады. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, Жер Цельсий бойынша 1,5-2 градустық қауіпті температура шегіне 2030 жылға таман жетеді.
Оқи отырыңыз: Ғалымдардың климаттың өзгеруіне қатысты болжамдары жаға ұстатады
Олар жаһандық жылыну бүкіл әлемге әсер етіп, оны тұрақсыз етеді деген мәлімдеме жасады. Ғалымдардың айтуынша, бұған бірнеше ондаған жыл бұрын атмосфераға түскен парниктік газ шығарындылары себеп болып отыр.
Қазірдің өзінде ғаламшар индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,2 °C-қа жылынып кетті.
Ғалымдар алдыңғы зерттеулердің дұрыс нәтиже бергеніне қарамастан, жаһандық жылынудың төмендеуіне нақты болжам жасау мүмкін емес екенін айтады. Өйткені мұндай эксперимент жер тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.
Ғаламшардың түрлі аймағындағы климат өзгерісінің зардабын фотолентадан көре аласыз.
Оқи отырыңыз: Адамзатқа қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар тағы да дабыл қақты