Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Тәтті мекен: Сингапурде балмұздақ музейі ашылды – фото

Жазылу
Балмұздақты жақсы көресіз бе? Ал сингапурлықтар бұл тәтті тағамды қатты ұнататынын дәлелдеді. Себебі олар бірнеше жыл бойы балмұздаққа арналған музей дайындады

Бұған қаладағы ауа температурасы жыл он екі ай бойы шамамен 30 градус болуы да әсер етті - Сингапурде тіпті қыс мезгілінде де термомтер бағаны 20 градус Цельсиден төмен түспейді.

Музейдің ашылуына үш жыл бойы дайындық жүргізілді. Бұл нысан ең алдымен 5,5 мың текше метр болатын аумағымен таңғалдырады.

Мұнда мұздай суық тәттінің алуан түрін таба аласыз. Сондай-ақ музейде Дискотека мен тереңдігі 30 сантиметр болатын бассейн бар. Музейге кіру құны – 42 доллар.

© REUTERS / Travis TeoСингапурде ашылған Балмұздақ музейінің ішіндегі Scream's Diner дәмханасында адамдар суретке түсіп жатыр.
Сингапурдегі Scream's Diner музейі - Sputnik Қазақстан
1/10
Сингапурде ашылған Балмұздақ музейінің ішіндегі Scream's Diner дәмханасында адамдар суретке түсіп жатыр.
© REUTERS / Travis TeoМұнда музей дәліздері алқызылдан қою қызылға дейінгі тартымды әрі тәбет ашар түске боялған.
Сингапурдегі музей келушілері - Sputnik Қазақстан
2/10
Мұнда музей дәліздері алқызылдан қою қызылға дейінгі тартымды әрі тәбет ашар түске боялған.
© REUTERS / Travis TeoБалмұздақтың бетіне себуге арналған тәттіні еске салатын кондитерлік сеппе түріндегі доптар жүзіп жүрген бассейнде көңіл көтеруге болады.
Келуішер Сингапурдегі музейде көңіл көтеруде - Sputnik Қазақстан
3/10
Балмұздақтың бетіне себуге арналған тәттіні еске салатын кондитерлік сеппе түріндегі доптар жүзіп жүрген бассейнде көңіл көтеруге болады.
© REUTERS / Travis TeoМына музыкалық аппарат алқызыл түсті ұнататындардың көңілінен шығатыны анық.
Келуші Сингапурдегі музейде суретке түсіп отыр - Sputnik Қазақстан
4/10
Мына музыкалық аппарат алқызыл түсті ұнататындардың көңілінен шығатыны анық.
© REUTERS / Travis TeoБалмұздаққа арналған суретке түсу аймағы музейге кіреберісте тұр.
 Сингапурдегі музейдегі суретке түсу зонасы - Sputnik Қазақстан
5/10
Балмұздаққа арналған суретке түсу аймағы музейге кіреберісте тұр.
© REUTERS / Travis TeoБалмұздақ – бұл балалық шақтың дәмі және барлық кезде қуаныш сыйлай алатын "сиқырлы" дәм. Музейдегі батут бұл әсерді арттыра түседі.
Сингапурдегі музей келушісі мен қызметкері - Sputnik Қазақстан
6/10
Балмұздақ – бұл балалық шақтың дәмі және барлық кезде қуаныш сыйлай алатын "сиқырлы" дәм. Музейдегі батут бұл әсерді арттыра түседі.
© REUTERS / Travis TeoКондитерлік сеппеден тұратын бассейндерде балалар ғана емес, ересектер де көңіл көтере алады.
Сингапурдегі музейдегі бассейн - Sputnik Қазақстан
7/10
Кондитерлік сеппеден тұратын бассейндерде балалар ғана емес, ересектер де көңіл көтере алады.
© REUTERS / Travis TeoӘйтсе де музейге келушілердің басым бөлігі - балалар. Олар секілді ешкім әр сәтке шынайы қуанып, риясыз күле алмайды.
Сингапурдегі музейдегі балалар - Sputnik Қазақстан
8/10
Әйтсе де музейге келушілердің басым бөлігі - балалар. Олар секілді ешкім әр сәтке шынайы қуанып, риясыз күле алмайды.
© REUTERS / Travis TeoМузейге келген адамдар барлық жерде әрбір экспонатпен суретке түсуде.
Келуішер Сингапурдегі музейде суретке түсуде - Sputnik Қазақстан
9/10
Музейге келген адамдар барлық жерде әрбір экспонатпен суретке түсуде.
© REUTERS / Travis TeoСингапурдегі Балмұздақ музейнің атауы жазылған қабырға.
Сингапурдегі Балмұздақ музейнің қабырғасы - Sputnik Қазақстан
10/10
Сингапурдегі Балмұздақ музейнің атауы жазылған қабырға.
Жаңалықтар
0