Өңірлер

Қарқаралыны қар басты – фото

© SputnikҚарқаралыны қар басты
Қарқаралыны қар басты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласына биыл қыс әдеттегіден ерте келді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қар жауды. Жергілікті тұрғындар түнде түскен қардың суреттерін бөлісіп жатыр.

Күні кеше "Қазгидромет" дабылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер қарағандылықтарға ауа райы күрт құбылып, температура төмендейтінін ескертті.

© SputnikҚарқаралыға қыс ерте келді
Қарқаралыны қар басты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Қарқаралыға қыс ерте келді

"2  қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Алайда таңертең ұйқысынан оянған жұрт айнала ақ көрпеге оранғанын көрген. Кейбір мәліметке сүйенсек, қалада бір түнде үштен бес сантиметрге дейін қар түсіпті.

© SputnikТұрғындар түнде жауған қардың суреттерін бөлісіп жатыр
Қарқаралыны қар басты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Тұрғындар түнде жауған қардың суреттерін бөлісіп жатыр

Жергілікті тұрғындар қар басқан даланы суретке түсіріп, желіде бөлісіп жатыр.

Бірақ, синоптиктердің болжамынша, қысқы ертегі ұзаққа созылмайды. Қазір қалада күн  бұлтты, оқта-текте жаңбыр жауады деп күтілуде, ауа температурасы плюс екі градусқа дейін көтерілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0