Оқиға

"Шықсаңдар, байқаңдар!": Бурабай тасжолында не болып жатыр – видео

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Қазіргі кезде 7 техника жұмыс істеп жатыр. Жолды қардан тазалап қойды, қар шетінде жатыр. Жол апаты тіркелмеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы әлеуметтік желіде тараған видеоларды растады. Бірақ дәл қазір Бурабай тасжолында жауған қардың басым бөлігі еріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Компанияның ақылы жолдар дирекциясының бас инженері Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, бүгін Бурабайға жақын жерде қар жауған. Бірақ арнайы техника жолды тазартып қойды.

"Ұзындығы 60 шақырым болатын жол учаскесінде, нақты айтсақ, 170-ші шақырымнан бастап 231-ге дейінгі жерде қар жауған. Қазіргі кезде 7 техника жұмыс істеп жатыр. Жолды қардан тазалап қойды, шетінде қар жатыр. Бірақ жол апаты тіркелмеген. Кішігірім жағдай ғана болды. Көктайғақ жоқ", - деді Сәдуақасов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

© Photo : "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметі ұсындыҰзындығы 60 шақырым болатын жол учаскесінде қар жауды
Шықсаңдар, байқаңдар!: Бурабай тасжолында не болып жатыр – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Ұзындығы 60 шақырым болатын жол учаскесінде қар жауды

Қазір тасжолды бас инженердің өзі қарап жүр. Оның сөзіне қарағанда, қар еріп кеткен.

"Қазір Қоғамның жанынан өтіп бара жатырмыз. Қар толығымен еріп кеткен. Ары қарай да қар жоқ дейді", - деп атап көрсетті Сәдуақасов.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанға қоңыр күз қашан келеді

Жаңалықтар
0