НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қытай мен Қазақстан шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу бекеттері 1-3 қазанда жабық болады, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет мәліметіне сүйенсек, өткізу бекеттерін жабу Қытайдағы мереке күндерімен байланысты.
"Сонымен қатар қытай тарапының дезинфекциялық құрылғыларды қысқы маусымға дайындауына байланысты "Бақты" өткізу бекеті 3-4 қазанда да жабық болады", - делінген хабарламада.
Комитет жүк тасымалдаушыларды өткізу бекеттерінің уақытша жабылуына байланысты бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі пандемияға байланысты Қорғас-Алтынкөл және Алашанькоу-Достық өткелдері арқылы Қазақстанға теміржол рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.
Соның салдарынан қазақ-қытай шекарасында бес мыңға жуық тауар контейнері тұралап тұр. Егер бұрын тауар шамамен 25 күнде жетсе, қазір оның мерзімі белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Путинге жүк тасымалдаушылар шекарада қандай проблемаға тап болғанын айтты
- Мыңдаған жүк көлігі мен вагон Қытаймен шекарада тұрып қалды
- Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берілді