Экономика

Тоқаев Путинге жүк тасымалдаушылар шекарада қандай проблемаға тап болғанын айтты

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуТаможня. Архивное фото
Таможня. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Тоқаев мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр елдің басты міндеті екенін және Қазақстан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктерін заманауи инспекциялық-тексеру кешендерімен толықтай жабдықтауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан-Ресей шекарасында 30 автокөлік өткізу пункті жұмыс істейді. Алайда соның тек бесеуі ғана инспекциялық-тексеру кешендерімен жабдықталған. Президент, өкінішке қарай, олардың өзі ара-тұра істен шығатынын мәлімдеді. Олар Саратов, Орынбор, Челябі, Қорған, Түмен және басқа да облыстармен шекарадағы өткізу бекеттері.

"Ресейдің шекара қызметі автокөліктердің жүк қоятын бөлігінде технологиялық өтуді қамтамасыз ету бойынша жаңа талаптар енгізді. Жүргізушілерді жүкті дәл тексеру аймағына түсіруге мәжбүрлейді, бұл көп жағдайда жүктің бұзылуына әкеледі. Тасымалдаушылар автокөліктердің тек үштен екісін ғана толтыруға мәжбүр. Мысалы, "Газельдерде" 80 тоннаның орнына енді 4-тен 6 тоннаға дейін тұтыну тауарлары тиеледі. Ауыр жүк көліктері енді 30-40 тоннаның орнына 15-20 тонна тауар тасымалдап жүр. Соның салдарынан көлік шығыны ұлғайып, тауар бағасы өсуде", - деді Тоқаев Қазақстан мен Ресей президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Тоқаев мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр елдің басты міндеті екенін және Қазақстан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Дегенмен, Тоқаевтың сөзінше, өткізу пунктерін заманауи инспекциялық-тексеру кешендерімен толық жабдықтау қауіпсіздік проблемасын да, коммерциялық транзит жылдамдығы мәселелерін де шешер еді.

Оқи отырыңыз: Қазақ-қырғыз шекарасында 16 млн теңгенің күмісін жасырған ер адам ұсталды

 

Жаңалықтар
0