Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын – Назарбаев

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана - Елбасы - Нурсултана НазарбаеваЕлбасы посетил ТОО "Научно-исследовательский проектный институт "Астанагенплан"
Елбасы посетил ТОО Научно-исследовательский проектный институт Астанагенплан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0