Елорда тынысы

Тоқаев Алтай Көлгіновке қандай тапсырма берді

© Photo : Сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев на совещании в Акорде
Касым-Жомарт Токаев на совещании в Акорде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент құрылыс секторындағы жұмыстардың көлемін арттыру, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шұғыл шешу, сондай-ақ, жұмыссыз қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, президент тапсырмасымен биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда баспана кезегінде тұрған азаматтар мен тұрмысы төмен топтағы тұрғындарға арналған 8 мың пәтер пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Көлгінов үлескерлердің проблемасын шешу және бітпей қалған тұрғын үйлердің құрылысына қатысты ахуалды реттеу жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру сияқты жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео

Бұдан бөлек кездесуде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету мәселелеріне баса мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша президенті құрылыс секторындағы жұмыстардың көлемін арттыру, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шұғыл шешу, сондай-ақ, жұмыссыз қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді.

Жаңалықтар
0