Өңірлер

Ақтөбеде үш жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскерге үкім шығарылды

© Photoұры
ұры - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Оның сөзінше, содан кейін бірнеше күн мас болып, ақшасы таусылған кезде қаладан кетіп қалған

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облыстық соты үш жылдан астам уақыт бұрын дүкен тонаған тұрғынға үкім шығарды. Осы уақыт ішінде ер адам тергеуден жасырынып жүрген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ер адамның қылмысты 2017 жылдың желтоқсанында жасағанын хабарлады.

Ол түнгі уақытта аңшылық мылтық асынып, шағын дүкенге кірген. Тонауға келгенін көрсету мақсатында ер адам қоймаға қарай оқ атқан. Содан кейін қаруын әйелге кезеп, қолда бар ақшаның бәрін беруін талап еткен. Сол күні ол 165 мың теңге алып кетті.

Осы әрекетінен кейін ол балабақша аумағына кіріп, полиция аймақты тексерген кезде жасырынған. Оның сөзінше, содан кейін бірнеше күн мас болып, ақшасы таусылған кезде қаладан кетіп қалған.

"Осы үш жыл ішінде ол анасының жанында болып, Мартөк ауданындағы ауылдың бірінде жасырынған", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Ерболат Сарқұлов.

Тергеу барысында ұсталған адам өз ісіне бірден өкініп, оғы бар мылтықты өзі жұмыс істеген техникалық қызмет көрсету станциясының гаражынан тапқанын және тонау әрекетіне мас күйде барғанын айтты.

Ер адам өз кінәсін сотта да жоққа шығармады. Қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Ол ешкімді өлтіргісі келмегенін, тек қорқыту үшін оқ атқанын мәлімдеді.

"Сот Картюковты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушы дүкен иесіне материалдық шығын төлеуге міндеттелді", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, мемлекеттік айыптаушы сұраған мерзімнен бір жылға аз уақытқа бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0