НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде "Toyota Camry" жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
25 қыркүйекте "Toyota Camry" автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі "Қарғалы" тұрғын алабына келе жатып, жол бойында ілеспе бағытта бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда аса мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады.
Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу адамдарды өткізіп жіберу керек.
Оқи отырыңыз:
- Маңғыстауда көлік аударылды: бес адам ажал құшты
- Таразда көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті: екеуі көз жұмды – видео
- Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы мотоциклші оқушыны қағып кетті