Оқиға

Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы мотоциклші оқушыны қағып кетті

© Sputnik / Айгюзель КадирМектепке бара жатқан қыз, архив сурет
Мектепке бара жатқан қыз, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Сегіз жастағы қыз алған жарақаттан ауруханада көз жұмды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған мотоциклші қызды қағып кетті. Алған жарақаттан қыз көз жұмды.

Қайғылы жағдай Новоишим ауданындағы Ғабит Мүсірепов ауылында болған.

"16 жастағы жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай сегіз жастағы қызды қағып кетті. Оқушы алған жарақаттан ауруханада көз жұмды", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Айтбаев.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы (абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар қылмыстық жазаға он алты жасқа толған азаматтар да тартылатынын атап өткен жөн.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балаларды қағып кетудің 28 фактісі тіркелді. Нәтижесінде екі бала көз жұмып, 27-сі түрлі жарақат алды.

Оқи отырыңыз: Мотоциклші биік жартастан құлап кетті – видео

 

Жаңалықтар
0