НҰР -СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимарат опырылып құлады, деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға сәрсенбіде, 1 қыркүйекте шамамен сағат 19.25-те болған. 200 шаршы метр аумақ қираған.
© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области Ақтөбеде ғимарат құлады
Ақтөбеде ғимарат құлады
© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области
Төтенше жағдай орнына дереу 15 қызметкер мен төрт техника жіберілді, олар ғимаратта болған бес адамды құтқарды. Екі адам ауруханаға жатқызылды.
ТЖД өкілі журналистерге ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области Ғимараттың құлауынан бірнеше компанияның кеңсесіне зақым келді
Ғимараттың құлауынан бірнеше компанияның кеңсесіне зақым келді
© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области