Денсаулық

Министр Цой вакцинаны қайта салу шарасы туралы айтты

© AP Photo / Armando FrancaМедик готовит шприцы для вакцинации против коронавируса
Медик готовит шприцы для вакцинации против коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Барлық ақпарат зерделенгеннен кейін халықты иммундау жөніндегі комиссия тиісті шешім шығарады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта егу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде барлық мемлекет үшін ревакцинация мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстанда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жетекші клиницист-ғалымдар, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары енді. Бүгінде нақты талап жоқ. Өйткені COVID-19 – жаңадан шыққан вирус", - деді Цой үкіметтің баспасөз қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық агенттіктерден қажетті ақпаратты алынған. Қазіргі кезде барлық тәжірибе жан-жақты зерделеніп жатыр. Бұдан соң халықты иммундау жөніндегі комиссия тиісті шешім шығарады.

"Жақын арада сарапшылар тобы өз қорытындысын шығарады. Жалпы отандық медицина саласы дайын. Шешім шығарылғаннан кейін толыққанды жұмыс істей аламыз", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетері, тамыздың басында денсаулық сақтау министрі вакцинаны қайта салдыру мерзімі туралы айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда халықтың басым бөлігі маусым-шілде айларында екпе салдырды. Сол себепті әзірше антиденелердің деңгейі әлі жоғары болып тұр. Ал ревакциналауды 9 айдан кейін жасауға болады. Дегенмен екпені ақпан айында салған адамдар да бар.

"Мәселен ақпан айында алғашқы болып вакцина салдырған адамдарға қазан айына қарай екпені қайта салу қажет. Оның уақыты шамамен 1 қазан", - деді Цой отырыстардың бірінде.

Қазақстан ревакциналау тәртібін пысықтап алғаннан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен консультация жүргізеді. Содан кейін ғана вакцинаны қайта салу шаралары басталады.

Оқи отырыңыз:

Министр Цой вакцинаны қайта салдыру мерзімін атады

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма - Бекшиннің жауабы

Теміртауда ковидтен қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлген соң "алған"

Жаңалықтар
0