НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Күннің суығында бір кесе ыстық шай жылынудың ең сенімді тәсілі саналады. Алайда гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян Sputnik радиосына берген сұхбатында неге ыстық шайға әуес болмау керек екенін түсіндірді.
Күздің қара суығында бір шыны ыстық шайдан бой жылынып, көңіл-күй көтеріледі. Бірақ сусынның температурасы тым жоғары болмау керек, деп ескертті медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Маргарита Арзуманян.
"Ыстық сусындарды зерттеген кезде, олар онкологиялық аурулардың дамуына әкеп соғатыны, көмекей мен өңешке зиян келтіретіні анықталды. Сол себепті біз шайды қайнаған сумен демдемейміз және аздап суытып барып ішеміз. Ең дұрысы, шайды дене демпературасымен сәйкес келтіру. Ол сәл ыстық, мысалы 40 градус болуы мүмкін, бірақ қайнаған суды ішуге болмайды", - деді Маргарита Арзуманян.
Ол күйіп қалмас үшін шай ішер алдында бірнеше минут күтуге кеңес берді.
Гастроэнтеролог шайдың жылытатын әсері физикалықтан гөрі психологиялық эффект деп санайды.
"Шай дәл сол сәтте жылытады: ауыз температураны сезеді, біз жылындық деп ойлаймыз, бірақ асқазанда дәл сол температура сезілмейді. Бұл психологиялық әсер шығар", - деп пайымдады гастроэнтеролог.
Сусын пайдалырақ болу үшін дәрігер шайды түрлі шөптер қосып дәмдеуді ұсынды. Сондай-ақ кептірілген алма, апельсиннің қабығын немесе корица қосуға болады.