15:17 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3792 0 0

Диетолог қара немесе көк шайды тамақпен қатар ішуге болатынын айтты, бірақ тым қою шай денсаулыққа зиян екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Андрей Бобровский Sputnik радиосына берген сұхбатында тамақпен бірге қандай сусын ішу керектігін айтты.

Маман тамақтану кезінде және одан кейін де бөлме температурасындағы жылы суды ішуге кеңес берді.

"Тамақпен бірге су ішуге болмайды деген пікірдің еш негізі жоқ. Мәселен, ең диеталық тағамдардың бірі ретінде сорпаны алайық. Сорпа – қатты өнімдерден дайындалған су. Яғни тамақпен бірге су ішуге болады деген сөз", - деді Бобровский.

Ол кәдімгі қара немесе көк шайды тамақпен қатар ішуге болатынын айтты. Бірақ тым қою шай денсаулыққа зиян екенін ескертті. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар абай болғаны жөн.

"Шайды шамадан тыс көп ішу соншалықты қауіпті емес. Алайда кейбір жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар сұйықтық көлеміне мән беруге тиіс. Қан қысымы жоғары адамдар үшін шайды көп ішу қауіпті. Шайдың құрамындағы заттар қан қысымының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін", -деді диетолог.

Тағы оқыңыз: 30 жастан кейін қандай тағамдарды жеуге болмайды – диетолог кеңес берді

Дәрігер тамақпен бірге ішетін сусынды таңдаған кезде, оның құрамына мән беруге шақырды.

"Тәтті газдалған сусындарға назар аударыңыз. Олар қантқа, яғни қарапайым көмірсуларға бай. Тамақтан кейін сұйық қарапайым көмірсулар ас қорыту жүйесінің жұмысын ауырлатады. Бұл пакеттегі шырындарға да қатысты", – деді Бобровский.

Тақырып бойынша

Дәрігер коронавирустан кейін иіс сезбей қалатындарға пайдалы кеңес берді
Балалар дұрыс тамақтанбайды: дәрігер ата-аналарға пайдалы кеңес берді
Қарбызды кімге жеуге болмайды – дәрігер кеңес берді
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Кілт сөздер:
дәрігер, шай, тамақ
Загрузка...

Басты тақырып