НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.
© REUTERS / ISSEI KATO2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева
2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева
© REUTERS / ISSEI KATO
Элизабет Тұрсынбаева Instagram-парақшасында карьерасын аяқтауға арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айтты. Ол ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады.
Мәнерлеп сырғанаушы халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль иеленді. Олардың 17-і алтын. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды.
Оқи отырыңыз:
- Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?
- Әділбек Ниязымбетов қазір немен айналысып жүргенін айтты
- Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды