Елорда тынысы

Елордада жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы
Мост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Жас қызды соңғы рет Бараев көшесінің бойында көпір үстінде көргені туралы хабар түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 19 жастағы бойжеткен өзенге батып кеткен. Сүңгуірлер оның денесін шығарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 19 жастағы Еспол Ақбота Нұржанқызының жоғалғаны туралы хабар тараған болатын. Ол  жексенбі күні сағат 11:00-де үйден шығып, қайтып оралмаған. Анасы полицияға хабар берген.

Іздестіру шараларына полицейлер, жаяу патруль мен еріктілер қатысты. Жас қызды соңғы рет Бараев көшесінің бойында көпір үстінде көргені туралы хабар түскен. Сол кезде тәртіп сақшылары сүңгуірлерді шақырды.

"Өкінішке қарай, біздің болжамымыз расталды. Қыздың денесі бүгін Есіл өзенінен табылды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция марқұм қалай қайтыс болғанын анықтауға кірісті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0