Оқиға

Орал маңындағы орманнан әйелдің мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбековадамның қолы
адамның қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Бұған дейін Оралда үйден шығып, қайта оралмаған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Орал маңындағы орман алқабынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция марқұмның жеке басы мен өлім себебін анықтап жатқанын хабарлады.

"15 қыркүйекте түскі екі шамасында Ветелки ауылының жанындағы орман алқабынан әйелдің денесі табылды. Мәйіт марқұмның жеке басын және қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады полиция.

Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетері, бұған дейін Оралда үйден шығып, қайта оралмаған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Анастасияның анасы оның 13 қыркүйекте сағат 09:30-да үйден шығып кеткенін айтты. Ол өзімен бірге рюкзак және жеке куәлігі салынған борсетканы ала шыққан.

Көп ұзамай келемін деп кеткен ол сол күйі оралмады. Біраз уақыттан кейін телефоны сөндірулі болған. Таныстарының ешқайсы Анастасияның қайда екенін білмейді. Анасының айтуынша, ол жігітімен бірге тұрған.

Бойжеткен отбасында ешкіммен жанжалдаспаған. Денсаулығына қатысты ешқандай есепте тұрмайды.

Жаңалықтар
0