10:42 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
101 0 0

Кәмелетке толмаған бала екі апта бұрын отбасымен бірге елордадан Петропавлға қоныс аударған

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Петропавлда полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала 8-нен 9 тамызға қараған түні жоғалған.

Белгілі болғандай, 15 жастағы Алмасхан Үсенбаев екі апта бұрын отбасымен бірге Петропавлға Нұр-Сұлтан қаласынан көшіп келген. Шухов көшесіндегі жатақханада тұрады.

Баланы іздеуге полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бүкіл жеке құрамы, криминалдық полиция мен еріктілер тартылды.

Тағы оқыңыз: Қызылордада полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты

Полиция жасөспірімді көрген-білгендер болса, тез арада жақын маңдағы полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабар беруді сұрады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кілт сөздер:
Петропавл, бала, полиция
Загрузка...

Басты тақырып