Өңірлер

Қызылордада полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты

CC0 / Iva Balk / Спиннер в руках у девушки
Спиннер в руках у девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Жоғалған жасөспірім бірнеше сағаттың ішінде облыс орталығындағы көшелердің бірінен табылып, ата-анасына тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қызылордалық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 53 жастағы ана арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, 13 жастағы қызы түнде белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмаған.

Жасөспірімді іздеу жұмыстарына барлық Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері мен жедел уәкілдері, ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, қала аумағы бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт күн бұрын жоғалып кеткен екі бала аман-есен табылды 

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жасөспірім бірнеше сағаттың ішінде облыс орталығындағы көшелердің бірінен табылып, ата-анасына тапсырылды.

Полицейлер табылған жасөспіріммен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Жаңалықтар
0