Білім

Пермьдегі атыс: Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы айтты

© Photo : vidhyarthidarpanстуденттер
студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Министрдің сөзінше, оқу орнының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруге тиіс

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Пермь университетінде атыс кезінде қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстандағы оқу орындарында қабылданған қауіпсіздік шаралары туралы жазды.

"Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бұл қайғылы оқиға еліміздегі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді", - деп жазды Аймағамбетов.

Оның сөзінше, оқу орнының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруге тиіс.

Ел президенті бұған дейін білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Бұл мәселе үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге міндет жүктеді.

"Жоғары оқу орындарының басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту туралы жеке тапсырма берілді. Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына кіру режимін күшейту және төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр қазір министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірлеп жатқанын айтты.

"Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан астам сұрақ пен пікір түсті. Бұл құжат көптеген азаматтарды алаңдататынын білеміз. Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайлардағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды. Бұл ережелер балаларға қауіп төндірмейді, керісінше олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған", - деп мәлімдеді министр.

Аймағамбетовтың сөзінше, әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөледі.

"Бұл бейнебақылау камералары, күзет сигнализациялары, дабыл батырмалары, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимімен және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтерімен жабдықтау мәселелеріне қатысты болып отыр", - деп түйіндеді ол.

Төтенше жағдайлар кезінде техникалық шаралардан бөлек, қызметкерлер мен оқушылар қандай шара қолдану керек деген ақпаратты да білуі қажет.

Пермь университетіндегі атыс

Ресейдегі Пермь мемлекеттік университетінің кампусында 20 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де қарулы студент мылтықтан оқ жаудырды. Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам қайтыс болды.

Университеттегі адамдардың бір бөлігі өз бетінше эвакуацияланды. Адамдардың терезеден секіріп жатқан фото мен видеолар әлеуметтік желіде жарияланып жатыр.

Ал университет сайтында дереу хабарлама пайда болды, ол жерде студенттерді аудитория есігін ішінен жауып отыруға шақырған.

Кейін университеттің баспасөз қызметі белгісіз адамның ұсталғанын хабарлады. Университетте барлық сабақ тоқтатылды.

Бірінші курс студенті шабуыл жасағаны белгілі болды. Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко тергеу ол туралы материалдар жинап жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын айтты.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі 24 науқасқа медициналық көмек көрсетілгенін, олардың 19-ында оқ жарақаты болғанын айтты. Біреуі ауыр жағдайда, алтауы орташа ауыр жағдайда жатыр.

Мәскеуден Пермьге медициналық жабдықтары бар ұшақ және анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар мен травматологтар тобы жіберілді.

Қылмыскердің өзі ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, жарақат алды. БАҚ-та оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0