Әлем

АҚШ әскердегі жасанды интеллект технологиясына басымдық беріп отыр

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжозеф Байден
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Көп мемлекет ядролық қару абайсызда іске қосылған жағдайда кінәлілерді табу мүмкін болмайды деп қауіптеніп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың қаңтарында АҚШ-тың заңды түрде сайланған президенті америкалық ядролық қаруды бақылауда ұстаған жоқ. Бұл сенсациялық жаңалықты танымал зерттеуші – сонау жарты ғасыр бұрын президент Никсонға "Уотергейт" ұйымдастырған Боб Вудворд мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

78 жастағы журналистика майталманы Вудворд өзінің жаңа шыққан "Қауіп" ("Peril") атты кітабында АҚШ Біріккен штаб басшылары комитетінің төрағасы Марк Миллидің сөзін келтірген. Милли журналистке 6 қаңтардағы оқиғалардан кейін Трамп қызметтен кетер кезде күтпеген әрекет жасай ма деп қауіптеніп, ядролық соққы жасау туралы шешім қабылдау алгоритмін өзгерткенін айтып берген.

Министр энергетики Нурлан Ногаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Экономика
Ноғаев АЭС салуға қатысты соңғы шешім қалай қабылданатынын түсіндірді 
Бірақ Милли бұл аса қауіпті мәселені астыртын сөзбен жеткізген. Оның қандай әрекетке барғанын түсіну қиын емес. Заң бойынша АҚШ президенті әскери қолбасшылармен, ең алдымен Біріккен штаб басшылары комитетінің төрағасымен кеңескеннен кейін ядролық соққы жасау туралы бұйрық береді. Бірақ Милли офицерлерге Трамптың осы мәселедегі кез келген бұйрығы жөнінде алдымен өзіне баяндауын талап етіп, ары қарай орындалатын әрекетті өзі шешетінін жеткізген.

Генерал Милли Трампқа еш ескертпестен өзінің қытай әріптесі - Біріккен орталық әскери кеңес штабының басшысы Ли Цзоченге хабарласып, қандай жағдай болса да мазасызданбауын сұраған. Яғни қандай да бір шабуыл болса, алдын ала ескертуге уәде еткендей сарында сөйлескен.

Қазір республикашылдар мен демократтар бұл телефон қоңырауы мемлекетке сатқындық жасау ма, жоқ па, осы жайында дауласып жатыр. Іс жүзінде мұны сатқындыққа жатқызуға болғанымен, бүгінде америкалық демократтар "бұл мүлде басқа жағдай" деп ұрандатып, осы тектес әрекетті ақтап алуға тырысып жатыр.

Билікке Байден келгелі жағдай түзелді ме? Айтарлықтай өзгеріс байқағандар аз. Бүгін ғана АҚШ-тың жоғарғы бас қолбасшысы Ауғанстан бойынша мәселелерді талқылау үшін конгреске шақырылған болатын. Бірақ Байден өз орнына мемлекеттік хатшы Блинкенді жіберді. Бұл сенаторлардың наразылығын тудырды.

Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Қоғам
Байден Тоқаевқа хат жолдады
Жалпы қазір АҚШ-тағы әскери сала қызықты трансфомацияны бастан өткеріп жатыр. Кейбір аналитиктер Ауғанстаннан кетуі мен АҚШ-тың Сауд Арабиясының әскери қолдауынан бас тартуы кездейсоқ емес екенін айтуда. Сондықтан америкалықтар "халықаралық терроризмге қарсы күресуден" шаршап, ендігі уақытта әлдеқайда ауқымды операцияларды жоспарлауы ықтимал.

Rand корпорациясының ақпараты бойынша 2014 жылы Пентагонда "Үшінші жаңғыру" (The Third Offset) деп аталатын жұмбақ жоспар жүзеге асырыла бастады. Ол жоспар АҚШ-тың өзіне тең Ресей мен Қытай державаларымен қақтығысуын қамтып, осы екі мемлекетті жеңу арқылы көпполярлы әлемде үстемдік орнатуды көздеді.

Неге "Үшінші жаңғыру"? Бұл бірінші рет АҚШ Корея соғысында жеңіліс табуынан кейінгі технологиялық қайта жаңғыруын, екінші рет Вьетнамдағы соғыстағы жеңілістен соң қайта дамуын меңзеп отыр. Үшінші жаңғыру терроризммен күрестен кейінгі кезеңге бағытталды.

Бұл идеяны қолдайтындар аз болды. Алайда 2018 жылы Трамп тұсында ұлттық қорғаныс стратегиясы қабылданды. Ол стратегияда да Қытай мен Ресей негізгі қарсылас ретінде көрсетіліп, болашақ әскери іс-әрекеттерді Үнді және Тынық мұхиты акваториясында өткізә жайы қарастырылды.

Сондықтан "Үшінші жаңғыру" басқа стратегияны, басқа қаруды, басқа қаражатты қамтып отыр. Трамп кезінде Пентагон бюджеті 700 миллиард доллардан асып кетті. Байден 2022 жылы әскерилерге 753 миллиард доллар беруді көздеп отыр. Оның ішінде 100 миллиард АҚШ Қорғаныс министрлігі перспективалы зерттеулер басқармасына бағытталады. 10,4 миллиард доллардан астамы киберәскерге беріледі.

Баллистическая ракета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Әлем
АҚШ-тың ғарыш күштері әскери доктрина әзірледі
Бұл жоспарда үлкен үлес жасанды интеллектке тиіп отыр. Google қожайыны Эрик Шмидт, Palantir иесі Питер Тиль мен басқа да цифрлық олигархтар Пентагонға өздерінің әзірлемелерін сәтті сатып жүр. Бірақ Америкада жасанды интеллектің жиі жаңылысқанына тарих куә. Мысалы 2003 жылы Ирак соғысы басталған шақта америкалық адам қатысуынсыз қосылған "Пэтриот" зымырандары қателесіп, британдық, сосын америкалық жойғыш ұшақтарды құлатты.

Сондықтан АҚШ-тың ядролық қаруды іске қосу мәселесінде жасанды интеллекті қолдану туралы шешімі алаңдатады. Rand корпорациясы қауіпті анықтау және шешім қабылдауда қаншалықты қателесуі мүмкін екені туралы өте көп материал жариялады.

Бірақ бұл идеяның жүзеге аспай қоймайтыны белгілі. Көп мемлекет абайсызда іске қосылған ядролық қару үшін кінәлілерді табу мүмкін болмайтынынан қауіптеніп отыр. Себебі адами фактор жоқ мәселеде барлық жауапкершілікті компьютерге арту түкке тұрмайды. Осы себепті халықаралық қауымдастық АҚШ-тағы ядролық қару  төңірегіндегі технологияларға назар аударатын уақыт жетті.

Жаңалықтар
0