Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков америкалықтар континентаралық баллистикалық зымырандардың (КБЗ) позициялық аудандарына орбитадан-ақ тікелей соққы жасай алатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Тамыз айында АҚШ ғарыш күштерінің қолбасшылығы әскери доктринаны жариялады. Құжаттың негізгі мәні - орбитаны бақылауда ұстау әскери операцияларды жоспарлау мен жүргізудің бірегей мүмкіндіктеріне жол ашады. Доктрина авторлары ежелгі дәуірден бастап қолбасшылар ұрыс басталғанға дейін биік төбеге мініп, ұрыс алаңын бақылап тұруға тырысқанын сөзге дәйек еткен. Бұл жаудың айла-амалдарын көруге, тосын шабуылдарды болдырмауға ықпал еткен. Олардың ойынша, ХХІ ғасырдағы ең тиімді позиция – жер маңайындағы орбита. Пентагонның пікірінше, оны тек АҚШ ғарыш күштері басқаруы керек.
Доктринада стратегиялық қарудың элементтерін орбитаға орналастыруды жоққа шығарылмаған. Пентагон басшысы Джеймс Мэттис 2018 жылдың тамызында ғарышты "әскери әрекеттердің жаңа алаңы" ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді. Оның пікірінше, зымырандарды іске қосуды ғарышта анықтайтын датчиктер орнату шешуші фактор болуы керек. Мамандар америкалықтар датчиктерден кейін орбитаға соққы жасайтын қаруды орналастыруын да жоққа шығармайды.
"Ғарышты милитаризациялау туралы Трамптың кезінде айтыла бастады, - деп түсіндірді РИА Новости порталына америкашыл саясаттанушы Сергей Судаков. – Ғарыш әскерлерін құрды, ұшырулар санын арттырды. Байденнің кезінде де бұл бағыт жалғаса беретіні анық. АҚШ-та ғарыш ЗҚҚ жобасын жүзеге асырудың барлық мүмкіндігі бар. Елде қатары күннен-күнге артып жатқан әлемдегі ең ауқымды спутниктер тобы бар. Оның үстіне, ғарыш аппараттарын ресми түрде мемлекеттік емес компаниялар ұшырып жатыр. Мысалы, Илон Масктың SpaceX компаниясы. Орбитадағы көптеген коммерциялық спутниктерді әскери қажеттіліктер үшін қолдануға болады".
Сарапшының айтуынша, Пентагонның ЗҚҚ жүйесінің ғарыш эшелонын орналастыру Ресейдің ядролық әлеуетіне толық кедергі келтіре алмайды деп санайды. Ғарыштағы шабуылдаушылар іске қосылған континентаралық баллистикалық зымырандардың тек 30 процентінің көзін жоя алады. Жалпы, жаппай ядролық соғыс кезінде мұның өзі аз емес. Оның үстіне, кейбір КБЗ-ны Еуропа мен АҚШ-тағы шабуылдаушылар, НАТО кемелеріне соққы жасауы ықтимал.
"Мәскеу мұндай бастамаларға қатысты қатаңдық танытуы керек, - дейді Судаков. – Ғарышта ЗҚҚ элементтерін орналастыру қатаң жауапты қажет ететін әскери әрекет екенін Вашингтонға түсіндіру керек. Егер, ғарышты милитаризациялау "қызыл сызықтан өтуді" білдіретінін оларға жеткізсек, біз орбиталық эшелонның жайғасуына кедергі келтіре алар едік".
Америкалық доктринаға сәйкес, ғарышқа АҚШ пен оның одақтастары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ, қарсыластарды сескендіру және олардың ұстанымын өзгертуге мәжбүрлеу мақсатында әскери қуатты арттыру арқырлы ғарыш әскерлері орбитаның "қауіпсіздігіне" жауап береді. Жүктер мен қызметкерлерді көпреттік кемелер тасымалдайды. Тактикалық, жедел және стратегиялық деңгейлерде ақпарат жедел алмасу үшін қуатты спутниктік топ құрады. Бұл мәселеде атмосфера сыртындағы барлау, бақылау және байланыс аппараттарына ерекше көңіл бөлінуде.
АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастарының әскері спутниктерге қатты тәуелді. Себебі, әскерлер мен қару-жарақты басқару, барлау, байланыс және навигацияның негізгі құралдары дәл осы ғарышта шоғырланған. Орбитада мыңға жуық әскери және қос мақсаттағы кезекші аппараттар бар. Доктрина авторлары Вашингтон қарсыластарын АҚШ-тың орбиталық тобы туралы кез-келген ақпарат алу мүмкіндігінен айыру қажет деп санайды. Осы мақсатта DARPA агенттігінде бірнеше жылдан бері Blackjack бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол бір желіге қосылған 200-ге дейінгі шағын көлемді спутниктерді төменгі орбитаға шығаруды көздейді.
Шындап келгенде, егер, халықаралық жағдай ушығатын болса, Ресей батыс елдердің спутниктерін бақылап қана қоймай, оларды тиімді оюға да қабілетті. Қарашада Қазақстандағы Сарышаған полигонында ПРО А-235 "Нудоль" перспективалы жүйесінің зымыраны сәтті сынақтан өтті. Ол Мәскеу мен елдің батысындағы өнеркәсіптік нысандарға шабуыл жасалған жағдайда АҚШ КБЗ-ны жоюға арналған. Мамандардың айтуынша, олардың күш-қуаты төменгі орбитадағы спутниктерді жоюға жетеді.
Бұл зымыранды 2014 жылдан бері сынақтан өткізіп келеді. Ал 2018 жылдың наурызында Плесецкте бұл зымыран арқылы алғаш рет оқ атылды.
АҚШ ӘӘК ғарыш қолбасшылығының басшысы генерал Джон Реймонд спутникті шабуылдауға арналған ресейлік зымыранды сынақтан өткізу АҚШ-тың жер маңайындағы кеңістіктегі мүдделеріне қарсы тұру деп бағаланатынын айтты.